“Жасыл желек” көгалдандыру » "Крылов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Крылов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 43-0-47
Есепші бөлімі:
+7(72831) 43-0-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
июнь
2024

“Жасыл желек” көгалдандыру

Жетісу облысы Панфилов ауданы Басқұншы ауылы "Крылов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5”А” , 5” Б” сынып оқушыларымен  өтіп жатқан “Жасыл желек” көгалдандыру мектеп жанындағы лагерьде 2024 жылғы 10 маусым күні  “Кітап - біздің досымыз” тақырыбында Ақынмен кездесу күні болды.
Мақсаты: Кітапханаға саяхаттап жергілікті ақын, жазушылармен кездесу, шығармашылығымен танысу.
Кездесу кешін Басқұншы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Назгүл Қарғамбекова жүргізіп балаларға ауылымыздың айтыскер ақыны Асылақын Қалиевтың кітабымен таныстырды, және ақын Алтай Мырзаханұлымен кездесу өткізді. Алтай қажы атамызбен “Атадан балаға мұра” тақырыбында сұхбат жүргізілді, оқырмандары Адаева Ботагөз бен Даутхан Елдана Алтай Мырзаханұлының өлеңдерін жатқа оқып айтты.
Кездесу мән - мағынасы тәрбиелі ұрпақ болуға, табиғатты, ұстаздарын аялауға тақырыбында өрбіді.
Ұйымдастырушы сынып жетекшілер А. А. Иманалиева, Ш.А. Базылбекова.