Мұқағали Мақатаевтің туған күніне » "Крылов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Крылов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 43-0-47
Есепші бөлімі:
+7(72831) 43-0-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
февраль
2024

Мұқағали Мақатаевтің туған күніне

Жетісу обылысы Панфилов ауданы Басқұншы ауылы “Крылов атындағы орта мектеп” КММ 
9 ақпан күні Басқұншы ауылдық кітапханасында Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, миллион сырлы сезімнің иесі-Мұқағали Мақатаевтің туған күніне орай ұйымдастыруымен, мәдениет үйінің қызметкерлері мен кітапханашының, Крылов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімі Мұзбаев Бақыт Асанұлы және “ЖасҰлан ұйымының “мектеп оқушыларының қатысуымен "Үш бақытым" атты әдеби әуезді кеш өткізіліп, "Жыр жүйрігі" тақырыбында кітап көрме қойылды.
  Кеш барысында Ұлбосын Қаленқызы мен Бақыт Асанұлы сөз сөйлеп, оқушылар мен ауыл тұрғыны Мұңсызбаева Бақтыгүл Бөкенқызы "Бесік басында", "Үш бақытым", "Бүгін менің туған күнім", "Таудағы көктем", "Таудағы нөсер" өлеңдерін жатқа оқыса, "Әжелер дәуірі" ансамбілінің мүшелері ақынның "Қарасазым" әнін тамылжыта шырқады.
  Мұқағали Мақатаев бойына Алладан дарыған ақындық қасиетін халқына сыйлап кеткен ақын. 
  Шараның мақсаты: М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндерді көпшілік назарына ұсыну.