Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу » "Крылов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Крылов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 43-0-47
Есепші бөлімі:
+7(72831) 43-0-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
февраль
2024

Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу

21 ақпан күні Басқұншы ауылының Крылов атындағы орта мектебінде, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дуненбаева Гүлфия Оспанқызының ұйымдастыруымен, Басқұншы ауылдық кітапхана, мәдениет қызметкерлері мен “Әжелер дәуірі” ансамбілінің мүшелерінің қатысуымен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында “Даналық мектебі” клубының қызметі білім беру ұғымында, Әжелер мектебі бойынша “Ырым-тыйым-әдептілік негізі” тақырыбында ата-аналар және оқушылармен кездесу өткізілді. 
  Шара барысында әжелер баланы “Бесікке салу” рәсімін көрсетіп, ата-аналар арасында қызықты ойындар ойнатылып, Сәруар Тұрғанбекқызы “Немерем”, оқушы Нұрдаулет Ердаулет “Әже әжетайым”, оқушылардың хормен айтқан “Асыл әжем” атты әндері шырқалса, зейнеткер Сәуле Ахтамқызы, ауыл тұрғыны Толғанай Әбдіқадырқызы, кітапханашы Назгүл Асқарқызы “Қызды қырық үйден тыю” атты тақырыпта қыздарға ырым-тыйымдарды атап өтті. Шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлфия Оспанқызы, мәдениет үйінің директоры Амангелді Сәйденұлы сөз сөйлеп ізгі тілектерін білдірді. 
  Шараның мақсаты: ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді ұштастыра отырып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
 Шараға қатысқан адам саны-70