"Мектепке жол" акциясы » "Крылов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Крылов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 43-0-47
Есепші бөлімі:
+7(72831) 43-0-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
август
2023

"Мектепке жол" акциясы

Құрметті Басқұншы ауылының тұрғындары, кәсіпкерлер! Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған Республикалық "Мектепке жол" акциясына қатысуға шақырамыз. Ағымдағы жылы бұл акция "Мектепке жол - Жақсылықты жаса" ұранымен өткізіледі.
Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу.
Қайырымдылық - қадірлі іс екенін ұмытпайық. Ең бастысы мейірімді жүрегің, таза ниетің болсын.
Демеушілік жасаймыз деген азаматтар болса Крылов атындағы орта мектептің әлеуметтік педагогы
Аубакиров Думан Қажығалиұлына
тел:
+77765661888
хабарласыңыздар. (Ақшалай аударым жасаймын десеңіздер, Каспий Голд осы нөмірде, квитанция WhatsApp-қа жіберіңіздер. Киім, оқу құралдарымен көмектессеңіздер болады. Көрсетілген көмектердің жазбаша және фото есебі болады)
Баршаңызды "Мектепке жол" акциясына қатысуға шақырамыз! Акцияға қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

[media=https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02rsjwHd5qXjFkpuq2ZwU7EFkoyakanKsT3VqEgmctgWhqTw7ReMh1MwVH1ugxAkZzl&id=100085927524834&mibextid=Nif5oz]