Экстремизм мен терроризмнің алдын алу » "Крылов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Крылов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 43-0-47
Есепші бөлімі:
+7(72831) 43-0-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
август
2023

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Жетісу облысы Панфилов ауданы Басқұншы ауылы "Крылов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ата-аналарға және мұғалімдерге терроризм актісінің қауіпі  туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы жаднама түсіндіріліп таныстырылды.
Терроризм бейбітшілікке, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа, сондай-ақ адам құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық дамуға төнетін үлкен қатерлердің бірі. Терроризм елдің ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді: адам ұрлау, кепілге алу, бомба жарылыстары, этно-конфессиялық қақтығыстардағы зорлық – зомбылық актілері, осыларды іске асыруға тікелей қатерлер және т.б. Сондықтан терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл проблемасы мемлекеттік деңгейде қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті болып табылады. Әрине, бұл тек мемлекеттің ғана емес, қоғамдағы барша азаматтардың да міндеті. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің, азаматтардың нақты ұстанымына байланысты.
Қалай алдын алуға болады?
Белгілі бір қоғамда радикалды топ өкілдері аз болуым мүмкін. Бірақ әлеуметтік желі арқылы өздеріне адамдарды алдау арқылы яғни манипуляция жасап өздерінің радикалды іс-қимылдарын жүргізіп отырады.
Сондықтан әлеуметтік желіде ақпараттарды алу барысында аса сақ болу қажет. Бұл іс-қимылдың құрбаны болып отырған басым көпшілігі жастар. Қазіргі уақытта TikTok, Instagram, Facebook және т.б. әлеуметтік желілерде жастар көп отырады. Олар өздерінің арам пиғылдарын әлеуметтік желі арқылы таратады. Бірақ оны ешкім аса қауіпті ақпарат деп қабылдамайды. Сол ақпаратты шын өтірігін білмей жатып басқалар яғни қарапайым қоғам өкілдері таратады. Сол себепті алған ақпаратты пайдаланбас бұрын қауіпті не болмаса жалған ақпарат емес екендігіне көз жеткізу қажет.

[media=https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02gsBQJEuvKRoTj166RAtWA4uYvzpVkhrxTx2raaD8bumjNgwo2f8HgxD7QUfcEdfrl&id=100085927524834&mibextid=Nif5oz]