Тәрбие сағатының хаттамасы
Хаттама №1
8 «Б» сыныбында өткізілген жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы
Жалпы ата-аналар саны – 24
Қатысқаны – 20
Қатыспағаны – 4
Себептісі – 4
І.Ұйымдасыру.
Қаралған мәселелер:
- 2022-2023 оқу жылына дайындық барысы, ата-ана комитетін сайлау
- Оқушыларды техника қауіпсіздік ережесімен таныстыру
- Әр түрлі мәселелер
1-Мәселе бойынша кіріспе сөз сынып жетекшісі Рысбаева Раузия Бинарбековна:
Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Сіздерді 2022-2023 жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Биылғы оқу жылын 24 оқушымен бастағалы жатырмыз. Осы оқу жылын жаңа ғимаратта жаңа мектепте жаңа құрал жабдықтар толықтай қамтылған, әр сынып талапқа сай безендірілген, спорт зал, асхана, акт залы бар, дәретханасы ішінде. Мектепке қара көк түсті мектеп формасы деп ескертілген. Барлық талапқа сай киіндіріп жіберіңіздер. Қыздардын юбкаларының тізеден төмен болуы, бантик тағып, шаштарын өріп, барлық оқушылардың Жас Ұлан галстук пен значок тағуы міндетті. 1 қыркүйек білім күнінен орай әр сыныпқа ашық сабақтың тақырыбы берілді сол бойынша тәрбие сағатын өтетін боламыз. Балаларыңыз оқулықпен 100 пайыз қамтылды. Оқулықтарын жыртпай, қаптап, дұрыстап ұстауын қадағалаңыздар. Сағ. 8.00 -14.00 ге осы уақыт аралығындар дүйсенбіден жұмаға дейін сабақ кезінде мектеп жауапты 14.00 де сабақ аяқталғаннан кейін және демалыс күндері /сенбі, жексенбі, каникул кездері / ата аналар өздеріңіз тікелей балларыңызға жауап бересіздер . Кешкі сағат 19.00-ден кейін балларыңызды көшеге шығармаңыздар.Жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлар мен тәртіп бұзушылықтың алдын алу туралы ақыл – кеңестер берілді.
Жыл басы болғаннан кейін ата-ана комитетін сайлап алайық. Мына ережелерді сақтап алайық.
а) Балаларыңыз сабақтан себепсіз қалмау, ауырып қалған жағдайда дәрігерге көрініп анықтама әкелу.
ә) дене шынықтыру киімін өздерімен алып келу
б)мектеп формасын, Жас Ұлан мен значок тағуға міндетті.
г) Оқу -құралдарын таза ұстау , қаптау
Қауіпсіздік шарасы бойынша ата –ана тарапын жауапкершіліктерімен таныстыру. Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды. Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.. Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр. Ата-аналар мен оқушыларды техника қауіпсіздігмен таныстырылып, оқушы қауіпсіздігі ата – аналарға тікелей жүктелетіні айтылды, мектептегі, каникул кезіндегі оқушы тәртібі, қоғамдық жұмыстарға қатысуы (үйірмелер) талқыланды. Мектеп ауласына велосипедпен, самокатпен, гераскутермен келуге және көшеде деңіл көлік айдауға тыйым салынады.
2-Мәселе бойынша:
Баяндама « Баланың басты ұстазы ата –ана» .Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.
Сөйледі:
1.Шалимова Айнур – ата-ана
-Бүгінгі қозғалып жатқан мәселелер өте орынды.Ата ана комитетіне тоқтала кетсем Гаухар апай мен,Бибігуль апайымыз қала берсе. Осы жылдың соңына дейін сыныбымыздың ата ана комититі болса.Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Оқу жылын жаңа ғимаратта оқып бастағалы жатқанымыз, әрине, қуантарлық. Мектеп формасын алып бердік. Жақсы білім мен тәрбие алып шығу үшін барымызды саламыз. Дұрыс айтасыз, ата-ана комиетін сайлау керек. Былтырғы жылы Меңдігул болған. Биыл баламен отыр, ары-бері шыға алмайды. Сондықтан Меңдігулдің жанына Бибігуль апайды қойсақ дұрыс болар еді. Бәріңіз бірыңғай келіседі деген ойдамын.
2. Аубакирова Гулжан - ата-ана
- Құрметті ата-аналар, сынып жетекшіміз биылғы оқу жылында жаңа мектепте сіздермен қауышқанымызға ризамын. Айнур апайдың сөзіне қосыламын ата ана комитеттері сол қалпында қала берсе, қарсы емеспін.
Бәріміз бала үшін жүрміз. Осы балаларымыз жақсы оқып, жақсы тәрбие алу үшін барымызды саламыз. Барлық айтылып жатқан нәрселер өте орынды. Бибігуль апайдың ата ана комитеті болғанын қолдаймын, арамыздағы үлкені сол кісі арасында ақыл кеңесін айтып отырады. Каникул кездері қосымша сабақтарға қатыстырып, кітапхана мектепбіміздің ішінде барып әдеби оқулықтар алып білімдерін шыңдаса жақсы болар еді. Балларымызды тәртібін қадағалап, сабақтарына келіп 4,5 ата анадан сабақтарына қатысып отырайық. Кешке көшеге шығармаймыз. Техника қауіпсіздігі, жолда жүру ережесі үнемі айтылып отырады.
Шешім етті:1.1. 2022-2023 оқу жылына дайындық барысы түсіндіріліп, ата-ана тарапынан қолдау көрсетілсін.
1.2. Ата-ана комитеті болып Бердіғулова Бибігуль мен Майрова Гаухар сайлансын.
1.3. Ата-аналар тарапынан техника қауіпсіздігі түсіндіріліп, оқушылардың жеке бас қауіпсіздігі ата-ана мойнына жүктелсін.
1.5. «Баланың бас ұстазы – ата-ана» баяндамасы қанағаттанарлық деп танылсын.
Ата-аналар комитетінің төрайымы: Майрова Г
Хатшы : Бердіғулова Б
Ата-аналар жиналысының хаттамасы №2
Жалпы ата-аналар саны – 23
Қатысқаны – 16
Себептісі – 7
І.Ұйымдасыру.
Қаралған мәселелер:
- І- тоқсан білім көрсеткіштері
- Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
- Әр түрлі мәселелер
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - анамен бірігіп жұмыс жасауы.
Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ – жауап
Кіріспе сөз. Мұғалім: Рысбаева Р.Б
2022-2023 оқу жылында жылдың басында 8 “Б” сыныбында 24 оқушымен бастағанбыз. Келген оқушы қыз бала. Тоқсанның ортасындаауданға Б.Момышұлы мектебіне ауысып кетті..Қазіргі уақытта сыныпта 23 оқушы отыр. Оның 11-і ұл, 12-і қыз бала. Ұлдар саны – 12, қыздар саны – 11 . Оның ішінде үздігіміз Кумисбек А, Тоқтар Қ, екпінділеріміз Адилжан Камила,Алмасұлы Елхан, Ахметқали Арман, Байменова Гүлдана, Ибраимжанов Шыңғыс, Қалимолда Жанат, Қасым Мерейлім, Майрова Қарақат, Мырзағали Мухамед, Шумаков Замир,Урмекеева Рабина.Білім сапасы 60,8% құрайды.Білім сапамызды көтеруіміз керек.
Каникул күндері қосымша әдеби кітаптар алып, косымша сабақтар алып дайындалу керек.
Екінші мәселе бойынша қаралатын мәселені айта кететін болсам әр пән мұғалімдері 0-дік бақылау жұмысы алынып гистограммасы шығарылып сабақ кезінде қосымша тапсырма беріп жұмыстар жүргізіп отырды.
Үшінші мәселе бойынша күзгі каникул күндері ата аналар мен оқушылардан қолхат алынып, баллардың өмір қауіпсіздігіне толықтай ата ана жауапкершіліктеріне алды.
Сөйледі: ата-ана Байтарақова А.Роза апайымыздың айтақны орынды білім сапасын көтеру қажет, аптасына екі үш ата ана сабақтарына келіп қатысып отырсақ, сабағын қадағалап отыруымыз керек,Қосымша сабақтарға қатыстырып, кітапханадан білімдерін шыңдаса нұр үстіне нұр болар еді.
Шешімі: Оқушылардың 2-тоқсанда білім сапасы көтерілсін.Әр ата-ана балларының сабағын қадағалап,сабақтарына келіп 3-4 ата-анадан қатысып отырылсын.
Үшінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Рысбаева Р. қауіпсіздік ережелеріне тоқталып өтті. Сабақтан тыс уақытта және оқушылардың каникул кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын айтып өтті. Қауіпсіздік шараларын ескере жүрулерін, оқыс жағдайлардан абайлауларын ескертті.
3.1. Күзгі дамлыс кезінде оқушылардың мойнына жүктеліп, әрқайсысынан жеке-жеке қолха алынсын.
3.2. Қауіпсіздік техникасын, өрт, су қауіпсіздігіне байланысты нұсқауларды басшылыққа алып, балалардың өмірі мен денсаулығы, олардың судағы қауіпсіздігін, еңбек қауіпсіздігін, сондай-ақ өртке, жол және т.б. қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, бөтен қала, ауылға, шет елге себепсіз жалғыз жібермеуге, бей-берекет жүргізбеуге ерекше көңіл бөлініп, әр ата-ананың жауапкершілігі арттырылсын.
Шешім . Бүгінгі көтерілген мәселелер бойынша бірауыздан қабылданып ,ата-аналар тарапынан ризашылық білдірілді. Оқушылардың білім сапасы арттырылсын.
Ата-аналар комитетінің төрайымы: Маирова Г.
Хатшы : Бердіғұлова Б