«Жас мамандар» мектебі апталығының қорытындысы » "Крылов атындағы орта мектеп" Управления образования Кызылординской области
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Крылов атындағы орта мектеп"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(72831) 43-0-47
Бухгалтерия
+7(72831) 43-0-47
Версия для
слабовидящих
11
апрель
2022

«Жас мамандар» мектебі апталығының қорытындысы

«Крылов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
















«Жас мамандар» мектебі 

апталығының қорытындысы








А.Чежимбаева











Жас мамандар мектебі

«Крылов атындағы орта мектеп» Управления образования Кызылординской области нде 2021-2022 оқу жылына арналған жас мамандармен жұмыс жоспары құрылып бекітілді. Мектепте тұрақты жұмыс жасап жүрген жас мамандар-Абитова Қаламқас, Аубакиров Думан, Қадыржан Тыныштық, Ұзақов Үсенғали. Уақытша жұмыс жасап жүрген жас мамандар-Төнерекова Мадина, Сман Мөлдір, Жұмағұл Айгуль, Салахиева Альфира. 

Жосапарға сәйкес жас мамандармен ашық сабақтар өткізілді.

8 «А» сыныбымен физика пәнінің мұғалімі, жас маман Сманова Мөлдір Талетқызы «Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар» тақырыбында ашық сабағын өтті. Сабақтың мақсаты: молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттау. Заттың булану кезінде факторларға байланыстылығын анықтау. Су буының мысалы негізінде сапалық есептер шығару.Ашық сабаққа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Садыкова  және бірлестік мүшелері қатысты.Мұғалім әртүрлі технологияларды пайдаланып сабағын жақсы өтіп шықты.Сабақ мақсатына жетіп, «жақсы» деп бағаланды.

6 «Б» сынып оқушыларымен информатика пәнінің мұғалімі Төнерекова Мадина Байдаулетовна «Сымсыз желілер» тақырыбында ашық сабағын өтті. Сабақтың мақсаты:оқушыларға сымсыз байланыс туралы мағлұмат беру, сымсыз байланыс түрлерін меңгерту, сымсыз байланыспен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту. Ашық сабаққа директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары А.Чежимбаева  және бірлестік мүшелері қатысты. Сабақ өте жақсы жоспарланып, өз дәрежесінде жүргізілді. Сабақ бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, «жақсы» деп бағаланды.

Абитова Каламкас Балгабековна 6 «А» сынып оқушыларымен «Органикалық және бейорганикалық заттар» тақырыбында ашық сабағын өтті. Сабақтың мақсаты: Заттарды органикалық және бейорганикалық заттар күйінде жіктейді. Органикалық заттардың ерекшеліктерін және олардың қасиеттерін сипаттайды. Бейорганикалық заттардың ерекшеліктерін біледі. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, ынтымақтастық атмосферасын құрып, топқа бөлді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақ түсіндірілді. «Джиксо» әдісі арқылы топтық жұмыс жүргізілді. Семантикалық картамен жұмыс болды. Оқушылар органикалық, бейорганикалық заттарды жіктеді. Жеке жұмыс, географиялық диктант   арқылы жүргізілді. «Бір ауыз сөз» әдісі арқылы жеке жұмыс жүргізіліп, сабақ қорытылды. «Қошеметтеу» әдісі арқылы  оқушылар білімі бағаланды. Мұғалім сабағы жан-жақты талқыланып, жақсы деп бағаланды.

8«А» сынып оқушыларымен Жұмағұл Айгуль Жұмағалиқызы «Отынның жануы және энергияның бөлінуі» тақырыбындағы ашық сабағын өтті. Сабақтың мақсаты: Заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және құрамында көміртегі бар оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсінеді. Сабақ «Гүлмен тілек» әдісі арқылы басталды. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін білдіріп, 3-топқа бөлінді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақ түсіндірілді. 

1.Жылу мөлшері деген не?

2. Жылу мөлшері қандай шамаларға тәуелді?

3. Меншікті жылу сыйымдылығы деген не?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырып өтті. Мағынаны ашу бөлімінде оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма берілді. «Автобус аялдамасы» әдісі арқылы топтық жұмыстар ұйымдастырылды. «Теңдеуді жалғастыр» химиялық теңдеулер жеке жұмыс ретінде ұсынылды. «Еркін микрофон» әдісі арқылы мұғалім сабақты қорытты. «Ой толғаныс»  оқушылар біліміне саралау, талдау жұмыстары жүргізіліп, кері байланыс жасалды, үйге тапсырма берілді. Мұғалім уақытты үнемді пайдаланып, сабақ мақсатына жетті. Сабақ жақсы деп бағаланды.

5 «А» сынып оқушыларымен Қадыржан Тыныштық Асхатқызы «Professions» тақырыбында сабағын өтті. Қйымдастыру кезеңі, ынтымақтастық атмосферасы құрылды. Үй тапсырмасы to, be етістіктерін қайталап өткен сабақ еске түсірілді. Тақтамен жұмыс, оқулықпен жұмыс, жасырған мамандық иесі (сайкестендіру), жаңа сабақ бойынша оқулықтағы топикпен жұмыс, жеке жұмыс жүргізілді. Сергіту сәті орындалды. Мамандық иелерінің атауы екі тілде жүргізілді, карточкамен жұмыс жасалды. фишкалар арқылы оқушылардың білімі бағаланды. «Бағдаршам» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс жүргізілді. Сабақ жан жақты талқыланып жақсы деп бағаланды.

«Our town»  Біздің қала» тақырыбында  3 «А» сыныбымен Аубакиров Думан Кажыгалиевич сабағын өтті. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі өте жақсы жүргізілді. Суретке қарап отырып, түсіп қалған әріптерді орнына қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылды. Сөздер аудио арқылы тыңдалып, қайталанды. Жаңа сөздерді суретпен салыстыра отырып, нұсқалары жазылды. Жұппен жұмыс жаңа сабаққа байланысты қарама-қарсы, алдында, артында, жанында сөзіне сай қимылмен көрсетіп, қазақша, ағылшынша айтып шықты. Сергіту сәті орындалды, суретпен жұмыс жасалды. Оқулықтағы тапсырмалар толық орындалып, кері байланыс жасалып, үйге тапсырма берілді. Мұғалім сабақ мақсатына жетті. Сабақ талданып, талқыланып,  өте жақсы деп бағаланды.