"Крылов атындағы орта мектеп" КММ-нің әдістемелік жұмыс жоспары » "Крылов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Крылов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 43-0-47
Есепші бөлімі:
+7(72831) 43-0-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Крылов атындағы орта мектеп" КММ-нің әдістемелік жұмыс жоспары
24
март
2022

"Крылов атындағы орта мектеп" КММ-нің әдістемелік жұмыс жоспары

«Крылов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі










«Үш тұғырлы тіл-мәңгілік ел» тақырыбындағы іс-шараға 

Анықтама





А.С Чежимбаева 






«Үш тұғырлы тіл-мәңгілік ел» тақырыбындағы іс-шараға 

Анықтама

2021-2022 оқу жылының 20.09-24.09.21 аралығында тілдер мерекесінің құрметіне орай мектепте «Үш тұғырлы тіл-мәңгілік ел» тақырыбында іс-шара жоспары жасалып бекітілді. Аталған іс-шараға «Құлагер» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі, «Славесник» орыс тілі, «Полиглот» ағылшын тілі пән бірлестіктері ат салысып өз жұмыстарын ұсынды.

22.09.21 ж апталықтың алғашқы іс-шарасын «Славесник» бірлестігінің мүшелері біріге отырып «Если дружат люди-дружат языки» тақырыбында 

8 «А» сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағатымен ашты.

23.09.21ж А.П.Чехов «Хамелеон» тақырыбында 6 «А» сынып оқушыларымен А.К.Рахметчаева ашық сабағын ұсынды. Сабақтың мақсаты: анализировать содержание художественный произведений, сосьавить вопросы, направленные на оценку содержания текста; ответит на вопросы, выражая свое мнение по теме и\ или поднимаемой теме, демонстрировать понимание основной информации текста. Блум таксономиясын басшылыққа ала отырып сабақ өте жоғары дәрежеде өтілді. Пән мұғалімі А.Рахметчаева өз мақсатына жетті, сабақ өте жақсы деп бағаланды.

7-10 сынып оқушыларымен «Полиглот» пән бәрлестігі «Independence is the foundation of the eternal country» тақырыбында тәрбие сағатын пән бірлестік мүшелері өтті.

24.09.21ж ағылшын тілі пәнінің мұғалімі-Ахмарова К.К 8 «А» сыныбымен «Our world. Aral sea» яғни Арал теңізінің тартылу себептері тақырыбында ашық сабағын ұсынды. Сабаққа сынып оқушылары толықтай белсене қатысты. Сабақ өз деңгейінде өтіп, өте жақсы деп бағаланды.

Осы күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бейсембаева А.Н «Қазақ жерін мекендеген көшпелі халықтар» тақырыбында 7 «Б» сынып оқушыларымен ашық сабағын өтті. Сабақтың мақсаты: Оқылған мәтін арқылы публицистика және ресми стиль ерекшеліктерін түсіну. Мәтін түрін ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу. Сабақ жоспарға сай өтіліп, талданды. Сабақты талдау барысында мұғалімнің жіберген кемшіліктері ескеріліп, сабақ қанағаттанарлық деңгейде деп бағаланды.

Іс-шара соңында «Құлагер» пән бірлестігінің ұйымдастыруымен 8 «А» және 8 «Б» сынып оқушыларымен «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» 

тақырыбында тәрбие сағаты өте жоғарғы деңгейде өтілді.

«Үш тұғырлы тіл-мәңгілік ел» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шара өз деңгейінде өтіліп, барлық жұмыстар талданды. Іс-шараға барлық тіл бірлестігінің мүшелері белсенді ат салысып, өз жұмыстарын жоғарғы деңгейде ұсына білді.


«Крылов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі










«Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» 

тақырыбында өткен апталыққа

Анықтама

(тарих, өзін-өзі тану)





А.С Чежимбаева 






“ Тарих – өткенге сабақ, келешекке – өнеге атты тақырыбында өтілетін тарих және              өзін-өзі тану пән бірлестігі апталығының анықтамасы


           2021ж   11-15 қазан аралығында «Шежіре» пән бірлестігінің апталығы өтті. Тарих пән бірлестігінде үш мұғалім  жұмыс   жасайды.Біреуі жоғары санатты, екіншісі екінші санатты, үшіншісі педагог-модератор. Үш мұғалімде жаңартылған бағдарламаны оқыған. 

АПТАЛЫҚТЫҢ  МАҚСАТЫ:

-Тәуелсіз еліміздің Халықаралық беделінің жоғары деңгейде көтерілгенін, осы деңгейге жетудегі тәуелсіздік жылдарындағы тарихи оқиғаларды оқушыларға насихаттау. Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен, Алаш Орданың 100 жылдығымен байланыстырыла өткен апталық жас ұрпақтың санасына ел тұтастығы мен бірлігінің, сонымен қатар татулығы мен тыныштығының негізі болатындығын оқушыларға жеткізу.
 - Оқушыларды Отанын сүйюге, ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
 - Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік білуге құштарлығын ояту.
 - Бүгінгі заманға сай, іздемпаздыққа, шығармашылыққа баулу.
 
  12.10.2021 жылы 8 «Б» сыныбында .«Алаш»партиясының құрылуы тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі-Алдыбекова Баян Касеновна.Сабақта оқушылар  топпен жұмыс жасады, интерактивті тақтамен тапсырмалар орындады. Жаңа технологиялық әдістер пайдаланылды.  Ашық сабаққа директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Чежинбаева Алия Сайлаубаевна,тарих пәні мұғалімі Насырбекова Ултуар Бекназаровна,өзін-өзі тану пәні мұғалімі Байбасунов Ердос Жумагаливичтің қатысуымен өтті.  Мұғалім сабағын өз деңгейінде өтті, жалпы сабақ «жақсы» деп бағаланды.

15.10.2021 жылы 9 «А» сыныбымен «Даналықтың сарқылмас күші»тақырыбында ашық сабақ өтті.Пән мұғаліміБайбасунов Ердос Джумагаливич. Ашық сабаққапедагог-ұйымдастырушы Абитова К.Б,тарих бірлестігінің жетекшісі Алдыбекова Баян Касеновна және ДӘІЖО Чежимбаева Алия Сайлаубаевнаның қатысуымен өтті. Сабақта оқушылар жеке жұмыстар жасап, белсенділік танытты,  жаңа технологиялық әдістер пайдаланылды. Сабақ өте қызықты және өз деңгейінде өтті. Тақырыптың мазмұны толық ашылды.Жоғарыда аталған   сабақтар өткізуде «Ұстаздың еңбегі шығармашылықтан тұрады»деген қағиданы басшылыққа ала отырып,әр оқушы қазақ елін дамытушы,әлемдегі дамыған елдермен тепе-теңдікке  жетуге ат салушы тұлға екендігін ашып, бағыттадық.   Оқытушы оқушылардың  пәнге   деген қызығушылықтарын байқатқаны,мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен педагогикалық біліктілігін,сабақты жүргізудегі қолданылған нәтижелері жайлы пікір алмасып,  оң бағаларын берді.


























«Крылов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі










«Тілім менің-тірегім, соғып тұрған жүрегім» 

тақырыбында өткен апталыққа

(қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі)

Анықтама





А.С Чежимбаева 




                   


«Крылов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 29.11.21-03.12.21 жыл аралығында «Тілім менің-тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты тақырыпта «Құлагер» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің апталығы өтілді. Бірлестікте барлығы төрт мұғалім жұмыс жасайды. Олар бірлестік жетекшісі-Байдаханова Улан Узакбаевна, Музбаев Бакыт Асанович, Бейсембаева Айкерим Нусиповна, Жумабекова Арай Дінмұхамедовна.

Апталықтың алғашқы күні ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, пән мұғалімдері сабақ тақырыптарын ұсынып, жоспар құрылып, бекітілді. Апталық сабағын алғашқы болып Арай Дінмұхамедқызы 8 «А» сынып оқушыларымен   «Он сегіз мың ғалам. Сөз тіркесіне тән белгілер» тақырыбындағы сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: тыңдалым материалдары бойынша мазмұнын түсінеді. Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай алады. Қосымша сұрақтарға жауап беріп, жазба жұмыстарын орындайды.

Ұйымдастыру кезеңі «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы сынып үш топқа бөлінді. Үй тапсырмасын сұрау «Сәлем хат» әдісі арқылы жүзеге асырылды. Оқушылар шеңберде тұрып хат ішінен сұрақтар алып жауап берді. «Сиқырлы микрафон» әдісі арқылы кітапта берілген эпиграфтың мағынасын ашты. Мағынаны тану грамматикалық тақырыпты кестемен түсіндірді. Оқулықта берілген тапсырмалар топтық жұмыс ретінде орындалды. Сергіту сәті «Қимыл-әрекеттермен бағыттау» музыка әуенімен әртүрлі қимылдар жасау арқылы бір-біріне бағыттайды. «Өрмекші» әдісі арқылы бүгінгі өткен тақырып қорытылды. Кері  байланыс «Мен үшін маңызды болғаны» не екенін оқушылар айтып өтті. Әр тапсырма «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағаланып отырды. Үйге тапсырма беріліп, оқушылар білімі бағаланды. Мұғалім сабақты өте жақсы ұйымдастырып, асқан шеберлікпен жүргізе білді. Оқушылардың қызығушылығы да жоғары, сабаққа белсене қатысып отырды. Арай Дінмұхамедқызының сабағы өте жақсы деп бағаланды.

02.12.21ж Тарихи қойнауында тақырыбында 6 «А» сынып оқушыларымен Байдаханова Улан Узакбаевна ашық сабағын өтті. Сабақтың мақсаты: Мәтіннің алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілген мәселені болжайды, сұрақтарға жауап береді, шынайы өмірмен байланыстырады. Сабақ ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру арқылы басталды. «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбы болжанды. Мағынаны болжау әдісі арқылы оқулықтағы 1, 2, 3, 4-тапсырмалар орындалды. 4-тапсырма жазылым жұмысы ретінде ұсынылды. «Еркін микрафон» әдісі арқылы жаңа сабақ қорытылып, «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар білімі бағаланды.үйге тапсырма берілді. Мұғалім сабақ жоспарын жақсы құрған, бірақ сол жоспардағы жұмыстарды жүргізу барысында қатты сасқалақтады. Сабақ мақсатына жетті. Сабаққа слайдтар пайдаланылды, көрнекі құралдар да талапқа сай жасалған. Улан Узакбаевнаның сабағы жақсы деп бағаланды.

03.12.21ж әдебиет пәнінен Бейсембаева Айкрим «Өлеңдегі Махамбет арманы, психологиясы тақырыбында 9 «А» сынып оқушыларымен сабағын өтті. Сабақтың мақсаты:  «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеологиясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Қызығушылықты ояту «Шаттық шеңбері» арқылы жүзеге асырылды. Оқушылар сабақ тақырыбына сай 3-топқа бөлінді. Жаңа сабақ сұрақ-жауап әдісі арқылы жүзеге асырылды. Мағынаны ашу арқылы  оқулық тапсырмалары топта жүргізілді. Сергіту сәті «Дыбыссыз» ойыны арқылы өтті. «Тыңдалалым картасы» арқылы оқушылардың соңғы ойлары тыңдалды. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы оқушыларға кері байланыс жасалып, смайликтермен бағаланды. «Қорытынды тәсіл» әдісі арқылы сабақ қорытылып, үйге тапсырма берілді. Сабақ өз мақсатына жетті. Сабақты талдау барысында мұғалімнің жіберген кемшіліктері ескеріліп, жақсы деп бағаланды.

Жоспар бойынша 7 «Б» сынып оқушыларымен «Айтыс. Айтыстың түрлері. Сүйінбай Аронұлы» тақырыбында Музбаев Бақыт Асанұлының өтетін сабағы белгілі себептерге байланысты кейінге қалдырылды.















«Крылов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі










«Миф әлемінде» 

тақырыбында өткен апталыққа

Анықтама

(математика, физика, информатика)





А.С Чежимбаева 





«Крылов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 18.10-25.10.2021ж аралығында «Квант» математика, физика, информатика пән бірлестігінің «Миф әлемінде» атты тақырыпта апталығы өтілді.

18.10.2021ж күні апталықтың ұйымдастырылу күні өтіліп, апталыққа арналған жұмыс жоспарлары бекітіліп, көрнекі құралдармен тақта безендікріліп, әр педагогтің өзіндік ашық сабақтар кестесі ілінді.

19.10.2021ж 9 «А» сыныбымен информатика пәнінің мұғалімі Рысбаева Раузия Бинарбековнаның «Компьютердің конфигурациясы» тақырыбында ашық сабағы өтілді. Ашық сабаққа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Садыкова мен директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары А.Чежимбаева   және бірлестік мүшелері қатысты. Сабақ өз джеңгейінде өтілмеді, яғни мұғалім мақсатына жете алмады. Сабақ «қанағаттанарлық» деп танылыды.

19.10.2021ж  9 «А» сыныбымен математика пәнінің мұғалімі Тумабаев Илебай Тулешович геометрия пәнінен «Векторлар, векторларға амалдар қолдану» тақырыбында қайталау ашық сабағын өтті. Ашық сабаққа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Садыкова мен директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары А.Чежимбаева  және бірлестік мүшелері қатысты. Сабақ өз деңгейінде өтіліп, сабақ мақсатына жетіп, «өте жақсы» деп бағаланды.

20.10.2021ж 8 «А» сыныбымен физика пәнінің мұғалімі, жас маман Сманова Мөлдір Талетқызы «Булану және конденсация.Қаныққан және қанықпаған булар» тақырыбында ашық сабағын өтті. Сабақтың мақсаты: молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттау.Заттың булану кезінде факторларға байланыстылығын анықтау. Су буының мысалы негізінде сапалық есептер шығару.Ашық сабаққа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Садыкова  және бірлестік мүшелері қатысты.Мұғалім әртүрлі технологияларды пайдаланып сабағын жақсы өтіп шықты.Сабақ мақсатына жетіп, «жақсы» деп бағаланды.

20.102021ж 5 «А» сыныбымен математика пәнінің мұғалімі Акишова Турсынай Турсынгалиевна «Жай бөлшектердің негізгі қасиеті» тақырыбында ашық сабағын өтті. Сабақтың мақсаты: Тақырып аясында берілген есептерді шығару, яғни теориядан алған білімдерін практикада қолдана білу. Ашық сабаққа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Садыкова  және бірлестік мүшелері қатысты. Мұғалім әртүрлі технологияларды пайдаланып сабағын жақсы өтіп шықты.Сабақ мақсатына жетіп, «жақсы» деп бағаланды.

22.10.2021ж 7 «Б» сыныбымен математика пәнінің мұғалімі катаева Кульжан Айтбаевна геометрия пәнінен «Үшбұрыш және оның түрлері» тақырыбындағы ашық сабағын өтті. Сабақтың мақсаты: Үшбұрыштыңбарлық түрлерін айтау және сызып көрсету; Үшбұрыш элеметтерінің өлшем бірліктеріне байланысты әртүрлі үшбұрыштар салу; Үшбұрыштың қасиеттерін қолданып, белгісіз элеметтері мен периметрін табуға есептер шығару. Педагог сабақ жоспарын керемет құрған, әртүрлі технологияларды пайдалана отырып сабақты жүргізу тәсілдерін құраған, бірақ сол жазған сабақты сол дәрежеде өте алмады.Ашық сабаққа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Садыкова мен директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары А.Чежимбаева  және бірлестік мүшелері қатысты. Сабақ  жан-жақты талданып, «қанағаттанарлық» деп бағаланды.

22.10.2021ж 6 «Б» сынып оқушыларымен информатика пәнінің мұғалімі Төнерекова Мадина Байдаулетовна «Сымсыз желілер» тақырыбында ашық сабағын өтті. Сабақтың мақсаты:оқушыларға сымсыз байланыс туралы мағлұмат беру, сымсыз байланыс түрлерін меңгерту, сымсыз байланыспен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту. Ашық сабаққа директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары А.Чежимбаева  және бірлестік мүшелері қатысты. Сабақ өте жақсы жоспарланып, өз дәрежесінде жүргізілді. Сабақ бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, «жақсы» деп бағаланды.

Сабақ өту барысында мұғалімдердің жіберген кемшіліктері сараланып, ендігі сабақ өту барысында қайталанбауы ескертілді. Жалпы «Квант» бірлестігінің апталығы «жақсы» деп бағаланды.





















«Крылов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі










«Жаратылыс ғажайып әлемінде» 

(химия, биология, география)

тақырыбында өткен апталыққа

Анықтама





А.С Чежимбаева 







«Крылов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15.11-19.11.21 жыл аралығында Жасыл әлем пән бірлестігінің «Жаратылыс ғажайып әлемінде» атты апталық өтті.

15.11.21ж күні апталықтың ұйымдастырылу күні өтіліп, апталыққа арналған жұмыс жоспарлары бекітіліп, көрнекі құралдармен тақта безендіріліп, әр педагогтің өзіндік ашық сабақтар кестесі ілінді.

17.11.21ж Абитова Каламкас Балгабековна 6«А» сынып оқушыларымен «Органикалық және бейорганикалық заттар» тақырыбында ашық сабағын өтті. Сабақтың мақсаты:Заттарды органикалық және бейорганикалық заттар күйінде жіктейді. Органикалық заттардың ерекшеліктерін және олардың қасиеттерін сипаттайды. Бейорганикалық заттардың ерекшеліктерін біледі. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, ынтымақтастық атмосферасын құрып, топқа бөлді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақ түсіндірілді. «Джиксо» әдісі арқылы топтық жұмыс жүргізілді. Семантикалық картамен жұмыс болды. Оқушылар органикалық, бейорганикалық заттарды жіктеді. Жеке жұмыс, географиялық диктант арқылы жүргізілді. «Бір ауыз сөз» әдісі арқылы жеке жұмыс жүргізіліп, сабақ қорытылды. «Қошеметтеу»әдісі арқылы  оқушылар білімі бағаланды. Мұғалім сабағы жан-жақты талқыланып, жақсы деп бағаланды.

18.11.21ж 8«А» сынып оқушыларымен Жұмағұл Айгуль Жұмағалиқызы «Отынның жануы және энергияның бөлінуі» тақырыбындағы ашық сабағын өтті. Сабақтың мақсаты: Заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және құрамында көміртегі бар оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсінеді. Сабақ «Гүлмен тілек» әдісі арқылы басталды. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін білдіріп, 3-топқа бөлінді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақ түсіндірілді. 

1.Жылу мөлшері деген не?

2. Жылу мөлшері қандай шамаларға тәуелді?

3. Меншікті жылу сыйымдылығы деген не?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырып өтті. Мағынаны ашу бөлімінде оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма берілді. «Автобус аялдамасы» әдісі арқылы топтық жұмыстар ұйымдастырылды. «Теңдеуді жалғастыр» химиялық теңдеулер жеке жұмыс ретінде ұсынылды. «Еркін микрофон» әдісі арқылы мұғалім сабақты қорытты. «Ой толғаныс»  оқушылар біліміне саралау, талдау жұмыстары жүргізіліп, кері байланыс жасалды, үйге тапсырма берілді. Мұғалім уақытты үнемді пайдаланып, сабақ мақсатына жетті. Сабақ жақсы деп бағаланды.

9 «А» сыныбымен Тугамбаева Айнур Бейсембаевна «Қазақстанның климаттық ресурстары» тақырыбында ашық сабағын өтті. Сабақтың мақсаты: Қазақстанның климаттық ресурстарын бағалау. Ұйымдастыру кезеңі өтіліп, баяу әуен қосылып, өткен сабақтан алған білімдері еске түсірілді. Климаттық ресустар-сарқылмайтын табиғат ресурстары. Ол пайдалану сыйпатына қарай: энергетикалық, ауылшаруашылық, рекреациялық деп бөлінеді. АКТ пайдаланып, Jamboard тақтасына сілтеме беріледі. «Микрофон» әдісі арқылы қорытынды сұрақтар беріліп, жаңа сабақ қорытылды. Кері байланыс жасалып, оқушылар білімі бағаланды.



































«Крылов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі










«Полиглот»ағылшын пән бірлестігі апталығының

Анықтамасы





А.С Чежимбаева 










«Крылов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 06.12-10.12.21 жыл аралығында «Полиглот» пән бірлестігінің апталығы өтті. Апталықтың алғашқы күні ұйымдастыру күні болып, бірлестік  педагогтары тақталарын безендіру жұмыстарын жүргізді.

09.12.2021ж 9 «А» сынып оқушыларымен Идрисова Зауре Шолтановна «Charity in Kazakhstan»(Қазақастандағы қайырымдылық) тақырыбындағы сабағын өтті. Ұйымдастыру кезеңі жүргізілді. Мұғалім мәтінді оқып, сөздікпен жұмыс жүргізді. Оқушыларғы текст мәтіні таратылып берілді, тапсырма орындалды. Қазақстандағы қайырымдылық қорлары жайында кең көлемде мағлұмат берілді. «Бір минуттық әңгіме» әдісі арқылы оқушылар қысқаша түсініктерін және еліміздегі қайырымдылық қорлары жайлы айтып өтті. топпен жұмыс жасалып, оқушылар постер қорғап, жаға сабақ қорытындыланды. Сабаққа кері байланыс жасалды. Сабақ жан-жақты талқыланып өте жақсы деп бағаланды.

09.12.2021ж  5 «А» сынып оқушыларымен Қадыржан Тыныштық Асхатқызы «Professions»тақырыбында сабағын өтті. Қйымдастыру кезеңі, ынтымақтастық атмосферасы құрылды. Үй тапсырмасы to, be етістіктерін қайталап өткен сабақ еске түсірілді. Тақтамен жұмыс, оқулықпен жұмыс, жасырған мамандық иесі (сайкестендіру), жаңа сабақ бойынша оқулықтағы топикпен жұмыс, жеке жұмыс жүргізілді. Сергіту сәті орындалды. Мамандық иелерінің атауы екі тілде жүргізілді, карточкамен жұмыс жасалды. фишкалар арқылы оқушылардың білімі бағаланды. «Бағдаршам» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс жүргізілді. Сабақ жан жақты талқыланып жақсы деп бағаланды.

10.12.2021ж  Ахмарова Кульбану Каналовна 8 «А» сынып оқушыларымен «Sport, Health and Exercise»Қандай спорт түрлерін білесің?атты сабағын өткізді. Үй тапсырмасы сұрақ-жауап әдісі арқылы сұралды. Дұрыс жауап берген оқушыларға  фишка берілді. Сыртта ойнайтын және ғимарат ішінде ойнайтын спорт түрлерін жіктеп жазу. Дәптермен жұмыс жүргізілді, топттық жұмыс түрінде орындады. Сергіту жаттығулары жүргізілді. Топтық жұмыс арқылы жаңа сабақ қорытылды. Екі топ  шығып сұраққа жауап беру арқылы бүгінгі сабақтан алған білімдерімен бөлісті. «Микрафон» әдісі арқылы жеке жұмыс орындалды. «Басбармақ» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс жүргізілді, оқушылардың фишкалары саналып, фишка санына қарай білімдері бағаланды. Мұғалім сабағы жан-жақты талқыланып өте жақсы деп бағаланды.

          10.12.2021ж Базылбекова Шынар Алметкожаевна 7 «А» сыныбымен «Looring at Science Fiction» сабағын өтті. Сабақ мақсаты құрылып, соған сәйкес дискриптор құрылған. Оқушылар мәтінді оқып шықты, планета аттары айтылып, аударылды. Мәтіннен бүгінгі өткен сабақтағы жаңа сөздер табылып, синонимдермен алмастырылды. Топтық жұмыс жасалды. мәтін бойынша сұрақтар қойылды, оқушылар жауапты тауып оқиды, үшінші оқушы мәтіннен синоним сөзді тауып отырады. 

-Жұптық жұмыс орындалды. Тақтамен дәптермен жұмыс жүргізілді. Тапсырмалар берілді (мәтінге байланысты) сұраққа жауап берілді. Сабақ қорытылып, кері байланыс жасалды.  Мұғалімнің   сабағы мақсатына жетті. Сабақ талданып жақсы деп бағаланды.  

          10.12.2021ж  «Our town»   Біздің қала» тақырыбында  3 «А» сыныбымен Аубакиров Думан Кажыгалиевич сабағын өтті. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі өте жақсы жүргізілді. Суретке қарап отырып, түсіп қалған әріптерді орнына қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылды. Сөздер аудио арқылы тыңдалып, қайталанды. Жаңа сөздерді суретпен салыстыра отырып, нұсқалары жазылды. Жұппен жұмыс жаңа сабаққа байланысты қарама-қарсы, алдында, артында, жанында сөзіне сай қимылмен көрсетіп, қазақша, ағылшынша айтып шықты. Сергіту сәті орындалды, суретпен жұмыс жасалды. Оқулықтағы тапсырмалар толық орындалып, кері байланыс жасалып, үйге тапсырма берілді. Мұғалім сабақ мақсатына жетті. Сабақ талданып, талқыланып,  өте жақсы деп бағаланды.