Ашық сабақ » "Крылов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Крылов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 43-0-47
Есепші бөлімі:
+7(72831) 43-0-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
февраль
2023

Ашық сабақ

«Крылов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі








Жемқорлыққа жол жоқ !

(9 «А» тәрбие сағаты)







Сынып жетекшісі:  Әмірқанқызы Ақмарал 









2022-2023 оқу жылы


Тақырыбы:   Жемқорлыққа  жол  жоқ!

Мақсаты:
 
1.      “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу    жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастыру.

2.     Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту

3.     Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру


1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі біздің «Жемқорлыққа жол жоқ» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!!
 2 - жүргізуші: Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағлұматтар беру.
 Ендеше бірінші сөз кезегін әдеби мантажға берейік.

1 оқушы Уалихан

Адалдық өміріңе керек нәрсе
 Олда гүлдеп нұрланар көңіл бөлсе
 Халыққа өз пайдасын тигізе алмай
 Адам боп өзін өзі меңгермесе


2 оқушы Эльвира

Несиені, қарызды жек көреді
 Өсім берсе,- ептелеп еп көреді
 Құлағын да ұстатпай, бездіреді
 Бауыр, жиен, нағашы, ет бөлені
 
 

оқушы Думан

Адалдық ар жанымның садақасы
 Көрмегем тар қолтықта шалыс басып
 Үмітім ізгіліктен үзілмейді
 Намысым талабымды қамшыласып
 Адалдық - табынарым таңдай таза,
 Жүдейді жаным реңін кіршік шалса
 Жүргінші көшедегі жәбір көрсе
 Төрдегі жүрегімде болмас маза


4 оқушы Ақпейіл

Ата - ана өнеге берсін балаға,

Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама,

Адалдыққа, даналыққа үйретсең,

Жолдан таймас ар болған соң санада.

Пара алғандар темір тордан әрі асар,

Алса да оны мойындамай санасар,

Беделі кетіп, қайыры қашып ортадан,

Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар.


5 оқушы Ерғали

Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,

Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,

Сонда ғана жер гүлденер, ел байып,

Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз.

Егеменді өсер елде тұрам Мен,

Білдіремін сезімімді жыр - әнмен.

Жолыменен адалдықтың жүрейік,

«Жемқорлыққа жол жоқ»- деген ұранмен.


оқушы Адия

Халықпыз ғой кеуде керген, кең қолтық
 Дер едім мен,
 ашты аранын ең қорлық,
 Жалпақшешей боламын деп жалтақтап
 Жүрген кезде жегідей жеп жемқорлық.
 Жаулығы аздай қара ниет, жат көздің,
 Кер пиғылы-ай іштен шыққан ашкөздің.
 Жұтылумен бара жатқан Далам-ай,
 Бола алмай тұрғаным-ай бас, көзің.

оқушы Арман

Дер едім мен дара туған сүйікті ел,
 Кер қылығын көрсем күйем күйіктен.
 Жемқорлықтың жетегінде кетпесе,
 Табылар ма ед қыран ұшқан биіктен!
 Көсегесі көгерсе деп Даламның,
 Құрақ ұшқан мен көгершін балаңмын.
 Ұлт түбіне жете ме деп жемқорлық,
 Жер-Анадай алабөтен алаңмын.
 Зәрін шашып құртпай қоймас жегі құрт,
 Өн бойымды барады алып кеміріп.
 Кекіріктен азып жүрген кей дәулер
 Кердемсиді ел үстінен семіріп.

оқушы  Ақмаржан

Күндер жылжып, уақыт, шіркін, алға асып,
 Өтеді өмір заманамен арбасып.
 Сол өмірде жүреді екен жер басып,
 Жемқорлар да жең ұшынан жалғасып.
 Жеңіл оймен қарайтұғын бүгінге,
 Жемқорға да зауал келер түбінде!
 Кіретұғын тесік таппай теңселер,
 Қияметтің туған нағыз күнінде!



9 оқушы Темірлан

Жалақор, парақорлар жайлағанда,
 Сенетін жан қалмайды айналаңда.
 Қулық пен қиянаттың құрығы ұзын,
 Шындықтың қолы қысқа қай заманда.


10 оқушы Венера

Отыз жылдан ассада тәуелсіз мына елімізге,
 Жемқорлар жүр елімізде, төрімізде.
 Халықты жеп, бай болып, билік еткен,
 Арсыздар осы біздің теңіміз бе?!
 
 Ақшамен тең көріп мына дүниені,
 "Сатып алам" дейді ме күллі елді?!
 Еңбегінен халықтың жырып алып,
 Деп жүрсің "мына істі кім біледі?! "
 
 

11 оқушы Алихан


 Жемқорлық жайлап кеткен күллі жерді,
 Ақшасыз бар еңбегің нөлге теңді.
 Жемқорлықсыз болашақ Қазақстан,
 Отыз емес, он жылда көркейеді.
 
 Жемқорларды қоғамнан бұл аластау,
 Дамытуға елімізді бір бастау.
 Жемқорларды әшкерелеп тезірек,
 Қою керек заңмен іске толастау!


12 оқушы Жания


 Еңбек етсең, еліңе адал қызмет етсең
 Биік шыңға,асу армандарға жетсең
 Нұрлы өмірге, жақсылыққа беттейсің
 Мәуелі ағаштай жарқырайсың, көктейсің.


13 оқушы Береке

Жарқын күнге ,болашаққа ел сеніп ,
 Қиындықты білектің күшімен бірге жеңіп
 Қазақ деп соқса сенің жүрегің
 Бейбіт елім жайнай берсе қандай көрік
 
 

14 оқушы Құндыз

Ақ тілектің ақ нөсері құйылғанда,
 Жас елімнің сан-сақ ойы жиылғанда,
 Тек жақсылық күтетін ертеңінен
 Ер елімнің бағы өзіне бұйырғанда
 Болашаққа сенемін!
 
 Сен де, сен болашаққа, меніменен!
 Ол сенімнен қуатым еш кемімеген.
 Қолыңды бер бауырым аттанайын
 Кемелді келешекке сеніменен!!!

15 оқушы Темірлан А.


Ерініп жүрміз, керіліп жүрміз, мүмкіндіктерді кемсініп,

Өзінше болып, өмірден іздей кілтипандар мен кемшілік.

Жетпейді-ау бізге береке, байлық, кеңшілік,

Өшпесе бойдан кертартпа мінез, ерсілік.

Табысты болып, ағысқа қарсы армандарыңа ұмтылсаң,

Қажетті саған жүз пайыз жауапкершілік!


16 оқушы Диана


Табысты тосып, бақытты күтіп, байбалам сала басқадан,

Адамдар тола талпыныстарын, табандылығын тастаған.

Санаңның болса сарқылмас, сөнбес сәулесі,

Санасыздардан түңіле бермей, қаш балам!

Шағымданып, сыныққа сылтау іздесең,

Жұмысың бітпес бастаған!


17 оқушы Серікжан


Өзіңді оят!

Адам екеніңді еске алып,

Білімнің жолын, ілімнің жолын төске алып.

Өмір дегенің өткенің емес, қалғаны --

Жүрген жоқсың сен жақсылықтардан кеш қалып.



1 - жүргізуші: Өкінішке орай, барлық әлем елдері сияқты «Сыбайлас жемқорлық» Қазақстан Республикасында айналып өткен жоқ. Қылмыстың бұл түрінің біздің қоғамымыздың да барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Ең қауіптісі, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп жүр.
 2 - жүргізуші:

Қанағат етсе екен барлық жандар,
 Адал жолмен астарын тапса екен.
 Арам жолмен тапқан бар пайдасын,
 Көріп тұр көктегі жалғыз - Алла!!!


Көрініс №1: «Қате басқан бір қадам»






1-жүргізуші: ҚР ҚК 367 бабына сәйкес Пара бергені  үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойынан  айрылып, параның 20еселенген мөлшерінде айыппұл салынып, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу жазалары қолданылады.


жүргізуші: ҚР ҚК 368 бабына сәйкес Парақорлыққа делдал болғаны  үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойынан  айрылып, параның 10еселенген мөлшерінде айыппұл салынып, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу жазалары қолданылады.


Көркем сөз «жүрек түбіндегі жан айқайым»


Жемқорлықтың саны артып келеді,
 Қайғы –мұң ғой ,қасіретті береді.
 Залалы көп бұл заманда қатыгез.
 Жаулап алу әсте жылдам жүреді.
 
 
Пара беру,пара алу, жайлаған,
 Осы бір іс, буы шықпай қайнаған.
 Қалай бұны тоқтатамыз, әттең-ай,
 Сенгеніміз ел тағдырымен ойнаған.
 
 Жемқорлықпен ел көркейеді десек біз,
 Жемқорлықпен арам асты жесек біз.
 Ойланбасақ бұл туралы егерде,
 Құр санасыз, мақрұм қалған есекпіз!
 
 Мұның арты әкеледі тозаққа,
 Жебірлердің көрсеткені аз-ақ па?
 Рас емес пе соңында бұхара халық
 Қасірет көріп, салынатын азапқа.
 
 Маңызы бар мәселеге айналды,
 «Қарсы күрес» заңнамасы байланды.
 Төрдегілер әшкере боп ісімен,
 Бірі түсіп, бірі қайта сайланды.
 
 

Бұл жағдайды үкімет те қолға алды,
 Халықпенен бірге ойланып, толғанды,
 Тіпті міне, елге үлгі болар деп,
 Мақалада елбасының жолданды.
 
 Түйткілді мәселені алға қойды,
 Өткізіліп шаралар, салған ойды,
 Мектептерде, ұжымдарда қаралып,
 Қарсы күрес,үйретіп тұла бойды.
 
 Әрекет қылмақ,қолға алмақ бала кезден,
 Тәрбиелеп осы бастан дана сөзбен.
 Сіңіріп бойына құнды қасиетті,
 Салғырт қарап, ғайып болмай кенет көзден.
 
 Жұмылдырып күшімізді бір жерге,
 Қарсы күрес жүргізейік жер-жерде,
 Қарқынды дамып, болашақта мемлекет.
 Теңесеміз алдыңғы қатар елдерге!



1 - жүргізуші: Шәкәрім қажы адалдық турасында: Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи, - деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі. Адалдық қорғау қажеттігін, ол үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуын ашып көрсетеді. 


2 - жүргізуші: «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларынан алынған  қысқаша интервью ұсынылады


1-жүргізуші: ҚР ҚК 361 бабына сәйкес  Лауазымдық өкілеттіктерді теріс  пайдаланғаны үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылып, 2000 АЕК айыппұл төлеу, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу немесе шектеу жазалары қолданылады.


2 - жүргізуші:  Би «қыздар тобы» 


1-жүргізуші:  ҚР ҚК 366 бабына сәйкес Пара алғаны үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойынан  айрылып, параның 50еселенген мөлшерінде айыппұл салынып, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу жазалары қолданылады.


2 - жүргізуші:

ӘнАдия мен Жанеркенің орындуында ________________________________




1 - жүргізуші: АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ожданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы. 


2 - жүргізуші: Қазақ пайымында адам бойында адалдық пәктік, ар - ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде көп айтылады.


Көрініс №2«Өмірде болған оқиға»


1 - жүргізуші: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір - біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай - қайсысын да қатты алаңдататыны анық.


2 - жүргізуші: Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата - бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.

Хор «Атамекен»

1 - жүргізуші: Енді тәрбие сағатымызды аяқтамас сөз кезегін мектебіміздің   _____________________________________________________________

___________________________________________________________________
 2 - жүргізуші: 
Адамдық борышың-халыққа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай, ар сақта соны біл.

Күшімен төгілер теріміздің,
 Ырысын тасытар жеріміздің.
 Ол үшін жастарымыз адал болып,
 Атағын асырар еліміздің.
 Алмас қылыш тегін жатпас қабында
 Ал, ұл – қыздар аянбаңдар, арында
 Желпіндіріп мына отырған қауымды
 Алда болып, оттай жанып лаула! – деп бүгінгі «Жемқорлыққа жол жоқ» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Уақыт бөліп, назар аударғандарыңызға рахмет!