Мектеп формасына қойылатын талаптары » "Крылов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Крылов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 43-0-47
Есепші бөлімі:
+7(72831) 43-0-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
июль
2024

Мектеп формасына қойылатын талаптары

Жетісу облысы Панфилов ауданы Басқұншы ауылы "Крылов атындағы орта мектеп" КММ
2024-2025 оқу жылында Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгеріс енгізді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, ұлдарға мектепке пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска киюге болады. Ал қыста трикотаж жилет, водолазкаға рұқсат етіледі.

Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Ал қыздардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска;
қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка.
Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Мереке күндері ұлдарға күнделікті формаға қосымша ақ жейде, ал қыздарға ақ блузка кию, сондай-ақ мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук тігу туралы талаптар алынып тасталады.
Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер, шеврон және тағы басқа) орналастыруға рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолдану ұсынылады.