Әдістемелік жұмыстың жылдық қорытындысы » "Крылов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Крылов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 43-0-47
Есепші бөлімі:
+7(72831) 43-0-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
июнь
2024

Әдістемелік жұмыстың жылдық қорытындысы

«Крылов атындағы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша
  2023-2024 оқу жылында атқарылған   әдістемелік жұмыстың  
  жылдық  қорытындысы

2023-2024 оқу жылы мектептегі әдістемелік  жұмысы   жоспар  негізінде жүргізілді.

Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына жетекшілік ету арқылы оқыту мен оқу үдерісін дамыту»  

Ғылыми- әдістемелік жұмыс мақсаты: Педагогтер мен сынып жетекшілеріне білім алушыларды   

      оқыту мен тәрибиелеуде нәтижеге бағдарланған білім берудің   инновациялық   

      технологияларды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп,жинақтап,таратуда кәсіби біліктілігі мен  

      теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты әдістемелік көмек көрсету.

 Ғылыми- әдістемелік жұмыс міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпы адамзаттыққұндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету 
  • 2023-2024 оқу жылында білім алушылардың өткен оқу жылындағы  біліміндегі   олқылықтарыының орнын толықтыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, алгоритмді түрде атқару. 
  • ҚР Білім туралы заңындағы өзгерістер мен толықтыруларды оқып үйрену;
  • Оқу бағдарламасын орындауда оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдап алу
  • Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, курстарға мұғалімдер қатыстыру,  тәлімгерлікті жолға қою;
  • Мектептің пдеагогикалық ұжымның іс-әрекетін жаңашылдыққа бағыттауды қалыптастыру. Озат тәжірибені ендіру, жалпылау, тарату мен жүйелі үйрену.
  • Мұғалімдерді зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру.
  • Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуда    пән  мұғалімдерінің   тілдік құзіреттілігін  дамыту   үшін  курстан кейінгі сүйемелдеу  жұмыстары  жүйелі   жүргізу;
  • IEA (TIMSS, PIRLS, ІCILS) халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың оқу (қазақ тілі, орыс тілі) сауаттылығы, математикалық және ғылыми-жаратылыстану (физика, химия, биология, география) сауаттылықтар саласындағы дамыту жұмыстары  жетілдіру;                                                                                                                                                                                                                             
  •  Үздік педагогтардың видеосабақтар мен видеолекцияларын ресми сайттарға, фейсбук, инстаграмм әлеуметтік желілерге орналастыру  жұмыстары жүйелі  түрде   жалғастыру;
  • пәндік олимпиадаға, ғылыми жобаға дайындықтың тиімді тәсілдерін қарастыру; 
  • мұғалімдердің шығармашылық кезеңдер жоспары бойынша жұмыстарының жүйелі жүргізілуін, өз іс-тәжірибесін өзіндік  жұмыстары(авторлық бағдарлама, жинақтар, әдістемелер) арқылы жинақтап, қорытындылауын қолға алу
  • мұғалімдердің шығармашылық тақырыбы бойынша жұмыстарын  жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу бағытында жүргізіп, жаңа форматтағы тапсырмалар жинағын дайындауға көңіл қою
  • Цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жұмыс оның ішінде күнделікті тәжірибеде Bilimland , Kahoot, Jitsi meet, интерактивті білім беру қосымшаларын қолданатын мұғалімдер  үлесін арттыру 
  • әр бірлестікте инновациялық жобалармен жұмысты енгізуді қолға алу
  • жаңа технологияларды  тиімді қолдана отырып, білім сапасын арттыру
  • Заманауи білім беру саясаты контекстінде педагогтармен әдістемелік жұмыстың мазмұны мен формаларын жаңарту; 
  • Жас мамандарға, пән мұғалімдеріне педагогтік қызметте қиындық туындаған жағдайда жас ерекшеліктерін ескере отырып сараланған негізде әдістемелік көмек көрсету. 

Жұмыс  нысандары:  әдістемелік бірлестіктер. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі нысандары:ұжымдық: пәндік әдістемелік бірлестіктер, конференциялар, семинарлар, педагогикалық оқулар, шығармашылық кездесулер, шығармашылық зертханалар; 
 топтық: педагогикалық қызмет бағыттары бойынша шығармашылық топтар; 
 жеке: тәлімгерлік, өз бетімен білім алу. 

Күтілетін нәтиже:
 
• Оқушылардың білім сапасын көтеру;
 • Жаңа формат сабақтарды енгізуге біртіндеп көшу;
 • Мұғалімдердің көшбасшылық қабілеттерін арттыру;
 • Шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімдердің мәртебесін көтеру.

Мектеп бойынша әдістемелік жұмыс 9  бірлестік арқылы жүзеге асырылады. 
 1.    Бастауыш сынып әдістемелік  бірлестігі-  жетекшісі  А.Алашбаева     Қазақ тілі, орыс 
бірлестігі жетекшісі-У.Байдаханова, Тарих бірлестік жетекшісі-Б.Алдыбекова, Биология,химия,география бірлестік жетекшісі- М.Сарсембаева, Дене шынықтыру бірлестік жетекшісі-Е.Байбосунов, Көркем еңбек бірлестік жетекшісі- Г.Байменова, Шет тілі бірлестік жетекшісі- Ш.Базылбекова, Орыс тілімен әдебиеті бірлестік жетекшісі- А.Амраева, Математика, физика, информатика бірлестік жетекшісі- Т.Кусманова.

Қазақ тілі мен әдебиеті «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» атты

11-22.09.23ж        У.Байдаханова      онкүндік өткізді.

Тарих,құқық негіздері,дінтану         «Тарих ғасырлар куәсі» атты     02-12.10.23ж Б.Алдыбекова      онкүндік өткізді.

Шығармашылық топ     «Оқудағы жетістіктерді диагностикалық және бағалау жүйесі»атты        13-20.11.23ж   А.Иманалиева      онкүндік өткізді.

Биология,химия,география    «Жаратылыс ғажайыптары» атты       22.01-02.02.24ж          М.Сарсембаева    онкүндік өткізді.

Дене шынықтыру          «Ұстазымыз және біз,спорт  сүйер болғанбыз»  атты         05-16.02.24ж   Е.Байбосунов       онкүндік өткізді.

Көркем еңбек       «Қазақтың қол өнері асыл қазына» атты        19.02-01.03.24ж   Г.Байменова          онкүндік өткізді.

Шет тілі      «Welcome to the world of English» атты           04-11.03.24ж        Ш.Базылбекова    онкүндік өткізді.

Орыс тілімен әдебиеті  «Язык- символ нации» атты  02-12.04.24ж        А.Амраева  онкүндік өткізді.

Бастауыш сынып мұғалімдері          «Білім жолын бастағын,бастауышым бастамам» атты    15-26.04.24ж   Т.Алашбаева         онкүндік өткізді.

Математика, физика, информатика «Әлемнің ғажайып үш тірегі» атты         29.04-03.05.24же          Т.Кусманова         онкүндік өткізді.