Жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы » "Крылов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Крылов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 43-0-47
Есепші бөлімі:
+7(72831) 43-0-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
май
2024

Жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы

«Крылов атындағы орта мектеп» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінде   өткізілген жалпы ата-аналар жиналысының 


                                                        ХАТТАМАСЫ


«23» мамыр 2024 жыл.                                                                                  Басқұншы  ауылы 


   Қатысқандар:    Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, ата-аналар,


Күн  тәртібінде:

   1.1 «Жасөспірімдердің  өмір қауіпсіздігінің алдын алу» ,Жол жүру        ережелері электро самакаттар, зиянды әдеттер учаскелік полиция   инспекторы: 

Т. Турсынов     


  1.2 Тұрғын сектордағы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау,өрттің туындауын   болдырмау үшін тұрмыстағы өрт қауіпсідігі ережелерін сақтау.  

Төтенше жағдай инспекторы:Ж.Нусипов

2. «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагерь» 

                          Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасраы: Г.Дуненбаева

        2.1 «Оқушылардың қала сыртындағы лагерьлерде демалуын ұйымдастыру»

                                                                                 Әлеуметтік педагог: Д.Аубакиров                                                                         

       3.  Буллинг және кибербуллинг,  алдын алу жолдарын түсіндіру

                                                                                Мектеп менторы:П.Жайлаубаева


Тыңдалды:

    Мектеп директоры  М.Кощегулова сөз алып, ата-аналарға бүгінгі жиынның күн тәртібін айтып өтті. Жиынға қатысып отырған қонақтарымен таныстырды. 

Күн тәртібіндегі бірінші  мәселе бойынша: учаскелік полиция   инспекторы :Т. Турсынов сөз алып өз сөзінде алдымызда тұрған бас­ты міндеттердің бірі – аудан көлеміндегі кәмелетке жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықпен қылмыстың, қандайда бір келеңсіздіктерді болдырмау өзекті мәселенің бірі болып табылады. Соның ішінде мото мәселесі және оқушыларға ұялы телефондарды ұстатпау туралы.  Қазақстан Республикасының  597 бұйрығына сәйкес 18 жасқа толмай көлік жүргізуге болмайды. ҚР 593 б 1 тармағына сәйкес самакатқа да тыйым салынады. Кешкі рейдтік іс  - шаралар жүргізілуде. Егер кәмелетке толмаған балалар ұсталған жағдайда, айыппұл салынатынын хабарлады. Және де тіркелмеген мотоцикл ұсталған жағдайда қайтарылмайтынын хабарлады. Қазіргі таңда баланың тәртібін қадағалау ата -ананың бірінші міндеті. Отан отбасынан, отбасы ошақ қасынан басталатыны анық. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген қанатты сөздерден бабаларымыздың бағзы заманнан-ақ бала тәрбиесіне мән бергенін аңғаруға болады. Сондықтан отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі – бала. Ата-ана баланы бесіктен тәрбиелеп, бағып-қағып, оқытып саналы азамат етіп тәрбилейді. Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген әдетке айналды. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылардың электронды сигарет шекпеуін қадағалау. Ең бастысы жас ұрпақты сапалы білім мен саналы тәрбиеге баулу.  Қазақстанда балаларға зорлық-зомбылық көрсету өршіп тұр. Олар негізінен отбасында және мектепте психологиялық қысым көреді екен. . Балалық шақты қорғау - балалардың құқықтық мәртебесін айқындайтын нормативтік құжаттарды әзірлеу негізінде балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі; балалар еңбегін заңнамалық реттеу; қорғаншылық, қамқоршылық және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу жүйесін жетілдіру; тиісті көмекке мұқтаж балалармен түзету және оңалту жұмыстарын жүргізу үшін мамандандырылған әлеуметтік қызметтер мен мекемелер желісін құру. Балалардың және балалы отбасылардың құқықтары мен заңды мүдделерін  қорғау  Қазақстан Республикасының  ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Балалық шақты әлеуметтік қорғауда отбасы мен мектеп, сондай-ақ арнайы әлеуметтік жұмыс қызметтері ерекше рөл атқарады: муниципалды қызметтер, стационарлық мекемелер жүйесі, баспана, балалар үйі, интернаттар, қосымша білім беру және балаларды дамыту мекемелері, психологиялық, медициналық, әлеуметтік және педагогикалық қолдаудың мамандандырылған орталықтары, кеңес беру және оңалту қызметтері және т.б. Әлеуметтік қорғаудың субъектілері сонымен қатар әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік педагогтар және басқа да мамандар болып табылылады.Тұлғаның үйлесімді дамуы үшін бала махаббат пен мейірімділік бар ортада, отбасында, жақын және сүйіспеншілікке толы адамдар арасында өсуі керек. Ересектердің міндеті - баланы өз бетінше өмір сүруге дайындау, қоғамның толыққанды мүшесі болуына көмектесу және  баланың қалыпты физикалық және интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.Баланың өмір қауіпсіздігі сіз бен бізге байланысты.Транспорттың бала өміріндегі қауіпсіздігі жөнінде толық мағлұма беріп өтті.

Төтенше жағдай инспекторы:Ж.Нусипов                                                                                                     Тұрғын сектордағы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау,өрттің туындауын  болдырмау үшін тұрмыстағы өрт қауіпсідігі ережелерін сақтау туралы таныстырып өтті. Жылыту маусымының аяқталуына байланысты және элетр желісінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу розеткаға бір мезгілде бірнеше қуатты электр құрылғыларын (шәйнек, қысқа толқынды пеш т.б) қоспау. Сіріңкелер мен тұтандырғыш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау және балалардың қолына бермеу. Балаларды қараусыз қалдырмау. Тозған электр жүйелерін, құрылғыларды уаұтысында ауыстыру мұқият болу.тұрғын үй аумағын жанғыш қоқыстан уақтылы тазарту,сондай – ақ үй жанында учаскелерді қоқысты бақылаусыз жағуға тыйым салынаты туралы түсіндіріп өтті.

Тыңдалды: Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасраы: Г.Дуненбаева

«Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Жазғы мектеп жанындағы сауықтыру  лагерь» жайлы баяндап өтті.

       Жалпы тәрбие қалай қалыптасады? Қандай факторлар әсер еттеді? Бүгінгі жалпы ата – аналар жиналысының тақырыбын тектен – тек «Оқушылар мен  жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мектеп пен отбасы - серіктестер» тақырыбында өткізгелі тұрмыз.өйткені қазіргі қоғамда ең маңызды мәселелерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықытық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек.Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата – аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады. Құқықтық тәрбиені жүзеге асыруда қойылатын талаптар қандай? – әрине бұл заңдарды білу Бала мен ата – ананың құқықтары мен міндеттері белгіленген заңдар. Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған ҚР қылмыстық кодекстің 257 – бабының бірінші бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, ата – аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі мөлшерінде айппұл салуға әкеп соғады. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағ 22 – ден таңғы 6 – ға дейін) ойын – сауық мекемелерінде болуы, - заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады. Осы баптағы бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс – әрекет, - заңды өкілдеріне айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

                 Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерь жұмысын ұйымдастырудың мақсаты:

         Балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалануына және сауықтырылуы мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау, мәдениетін, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.

       Лагерде балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері : Спорттық, ұлттық, танымдық және жергілікті ойындар. Алғырлық, зерделік, тілдік шоу – сайыстар, ер балалар мен қыз балалар арасындағы әдеп, салт – дәстүрге байланысты сын – байқаулар; ұлттық , дәстүрлерлер мерекесі; өнер байқаулары; сурет көрмесі, плакаттар байқауы; ән – күй кештері, 

Тыңдалды: Күн тәртібінің 3-ші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Д.Аубакиров жазғы сауықтыру және жалпы оқу қорының сыртқы легерге баратын әлеуметтік  санаттағы балалар және мектепке жол акциясы, оқушыларды ыстық тамақпен қамтылуы туралы хабарлама жасады.Жыл сайын оқу жылы кезеңінде және демалыс уақыттарында Жалпыға бірдей білім беру қорынан және Республикалық бюджеттен оқушылардың қала сыртындағы лагерьлерде демалуы үшін әртүрлі қалалардағы демалыс, спорттық және оқу-сауықтыру орындарына жолдамалар беріліп отырады. Басым бөлігі Қонаев, Түркістан, Көкшетау қалаларындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орындарына, Текелі қаласындағы «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» МКҚК-не және Панфилов ауданындағы «Қарлығаш» спорттық-сауықтыру лагерьлеріне бөлінеді. Тегін жолдамаларға ие болудың негізінен оқушылардың әлеуметтік мәртебесі, оқу үлгерімі, қоғамдық және шығармашылық жұмыстарға белсене араласуы, цифрлы технологияларды жақсы меңгеруі, пікірсайыстар мен дебатардың қатысушысы болуы сияқты талаптары бар. Әлеуметтік мәртебенің ішінде бірінші кезекте қамқорлықтағы оқушылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, аз қамтылған және көп балалы отбасы балалары. 

Панфилов ауданындағы «Қарлығаш» спорттық-сауықтыру лагеріне 5-8 сыныптардан 30 оқушыға жолдама берілді. 

Тыңдалды: Күн тәртібінің 4-ші мәселе бойынша мектеп менторы П.Жайлаубаева Кибербуллинг дегеніміз не? Тақырыбында баяндама оқыды.

Кибербуллинг - бұл цифрлық технологияларды пайдалана отырып қорқыту және қинау.

Ол әлеуметтік медиада, хабарлама алмасу үш қосымшаларда, ойын платформаларында және ұялы телефондарда орын алуы мүмкін.

Бұл қайталанатын эпизодтар, олардың мақсаты - аңдып жүргендерді қорқыту, ашу немесе қорлау.

Қорқыту балалар үшін зиянды және ұзақ мерзімді салдары болуы мүмкін.

Физикалық салдардан басқа (ұйқының бұзылуы, бас ауруы) балалар эмоционалды және психикалық денсаулықты, оның ішінде депрессия мен мазасыздықты сезінуі мүмкін, бұл мектептің нашар үлгеруіне әкелуі мүмкін.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы Заңмен «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» және «Білім туралы» Заңдарға «жәбірлеу (буллинг), кибербуллинг» ұғымдары енгізілді.

Оқу-ағарту министрлігі баланы жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

Кибербуллинг - бұл сандық технологияны қолдану арқылы қорқыту және қудалау. Ол әлеуметтік желілерде, хабар алмасу қосымшаларында, ойын платформаларында және ұялы телефондарда болуы мүмкін. Оның мақсаты қудаланғандарды қорқыту, ашуландыру немесе масқаралау. Мысалы:

* жалған ақпарат тарату немесе әлеуметтік желілерде біреудің әдепсіз фотосуреттерін орналастыру;

* хабар алмасу платформалары арқылы хабарламалар жіберу;

* басқа адамның атынан әдепсіз хабарламалар жіберу.

Шын өмірде қудалау мен кибербуллинг көбіне бір уақытта болуы мүмкін.

Бүгінде 11-15 жастағы жасөспірімдердің 12%-ы кем дегенде бір рет немесе одан да көп рет кибербуллингке ұшырағаны белгілі болды. жасөспірімдердің 11%-ы кем дегенде бір рет басқа адамдарды кибербуллинг құрбаны етуге қатысқан. Кибербуллинг адамға орасан зиянын тигізеді, оның үмітсіздік пен шарасыздық күйге түсуіне себеп болады. Кей кездері буллинг кесірінен адамдар суицид жайында ойлап, өзіне қол жұмсауы мүмкін. Мәселен, бір кездері «Синий кит», «Розовый сон» сияқты балаларды өлімге итермелеген ойындар қаптады. Осыған орай кибербуллинг мәселесін қатаң қадағалауға алып, заң тұрғысынан оның таралуына шектеу қойылса деген пікірлер сарапшылар мен қоғам белсенділері тарапынан көп айтылып жүр. Мемлекет басшысы өз Жолдауында азаматтарды, әсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау бойынша заңнамалық нормаларды қабылдауды тапсырды».

Сөз сөйледі: Ата – ана Даутбекова Күмісай өз сөзінде Буллинг, кибербуллинг, суицидтің   алдын алу  үшін үйдегі балалардың тәрбиесін қадағалауды күшейту,баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, баламен дұрыс   қарым –қатынаста болу, балаға барынша мейірлімділік таныту барлық ата-ананың ең бірінші міндеті екенін айтып өтті.   







Жиналыс төрайымы :                                 Г.Дуненбаева

Хатшы:                                                           Г.Жангазиева