ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР » "Крылов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Крылов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 43-0-47
Есепші бөлімі:
+7(72831) 43-0-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР
08
март
2024

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІ туралы директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары А.Лайбекова түсінік жұмыстарын директор жанындағы кеңесте талқылады.

Аттестаттау Қағидалары “Ашық НҚА” порталында жарияланғалы қызу талқы жүруде. Осыған орай педагог білімін бағалауға орай келесідей түсініктер беріледі.

1. Педагогтер білімін бағалау (ПББ) - әдеттегідей тест тапсыру әдісі арқылы өтеді. “Педагог-шебер” - растау кезінде, 30 жыл немесе оданда көп жыл педагогикалық еңбек өтілі бар педагогтер ПББ тестілеуінен босатылады.

2. Ұлттық Платформа толық жұмыс жасағанға дейін педагогтер ПББ тестілеуін өз пәнінен, яғни 2024 жылы, өз пәнінен және оқыту әдістемесінен 50 сұрақ бойынша тапсырады; 

3. ПББ-дан құлаған педагогтерге екінші рет тапсыруға мүмкіндік беріледі (бірінші ақысыз); 

4. ПББ өту барысында тапсыру тәртібін бұзған педагогтер тек 1 жыл мерзімде аттестаттаудан өтуге жіберілмейді (бұрын - 5 жыл болған); 

5. Білім сапасын арттыру мақсатында ендігі жерде білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары мен әдіскерлерде ПББ өтетін болады.