"СӘТ САПАР, ЖАС ТҮЛЕК-2023" » "Крылов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Крылов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 43-0-47
Есепші бөлімі:
+7(72831) 43-0-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
июнь
2023

"СӘТ САПАР, ЖАС ТҮЛЕК-2023"

Жас ұрпақты білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар білімнің тізгінін ұстату ортақ міндет. Осы ретте жақсы білім мен тағылымды тәрбиені ұрпақ бойына сіңіруде мектептің алар орны ерекше.
     Бүгін мектеп бітіруші түлектер үшін ең қимас та, қуанышты күн болса, "Үздік аттестат" иегері атанып, оқушыларымыз үшін маңызды күн.
     Мектеп партасынан жаңа өмірге қадам басып, алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұрған бітіруші түлектер мен негізгі орта мектепті бітірген оқушыларды мектеп басшысы Чакеаева Гульнара, Панфилов білім бөлімінің  әдіскері  Қощегулова Мөлдір Ержанқызы,Басқұншы ауылдық округінің әкімі Самықжанов Жарас Бюджейханұлы,Мәдениет үйіннің директоры  Самықжанов Амангелді Сайденұлы құттықтап, "Крылов атындағы орта мектеп " түлегі құқық қорғау органының ардагері Кененбаев Ерлік Әбдірақымұлы аттестаттарын табыстады.    
                 💎 "АЛТЫН БЕЛГІ" ИЕГЕРІ 💎
     💎 Аубакирова Айсара Қажығалиқызы
     💎 Жумажан Данара Дулатқызы
     💎 Манап Гульмира Баймуканқызы
және де ҰБТ дан жоғары балл алған Абылқан Алмат 113 балл,  Cайден Диас 109 балл алды.
    
      Салтанатты кеш түлектердің ұстаздарына деген ыстық лебіздері мен ән-шашуына ұласты.