10–11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН » "Крылов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Крылов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 43-0-47
Есепші бөлімі:
+7(72831) 43-0-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
ноябрь
2023

10–11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН

10–11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН


1 САБАҚ

Тақырыбы: «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу»

Тұлға адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі дамытудың нәтижесі ретінде


Сабақтың мақсаты: ата-аналардың рефлексия және балалардың тәуелсіздігін қолдау дағдыларын дамыту.


Міндеттері:

-Ата-аналарды жоғары сынып оқушыларының өз өмірін өз бетінше құруға деген ұмтылысын қолдауға, дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға ынталандыру;

-Жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктерімен таныстыру.

-Бірлескен іс-әрекет дағдыларын дамыту және баланың дербестігіне қатысты өзіндік мінез-құлық бағытын талдау.


Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:  

  • ата-аналар борышы, сүйіспеншілік, жеке тұлғаға деген құрмет, сенім, қамқорлық, ашықтық;
  • адалдық, мейірімділік, қайырымдылық, оптимизм, позитивті ойлау, эмоционалдық интеллект, ынтымақтастыққа дайын болу.


Жоспар

I. Кіріспе бөлім: Дербестік тұлғаның маңызды қасиеті ретінде.

II. Негізгі бөлім.

1.Жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктері.

2.Баланың дербес әрекеттерін қолдау ("Баланың дербестігі" сауалнамасы)

3.Баланың дербестігін қалыптастыру амалдары: "Сіздің балаңыздың портреті", "Жоғары сыныптағы балалардың дербестігін әрбиелеу", "Отбасылық қабырға газеті", "Тепе-теңдік дөңгелегі" тапсырмалары.

4."Менің балам – тәуелсіз тұлға" жаттығуы. 

III. Қорытынды: қорытындылау. 


Ресурстар: А4 форматындағы парақтар, қаламдар, қарындаштар, ватман парақтары, түрлі-түсті маркерлер, "Баланың дербестігі" сауалнамасы


Күтілетін нәтижелер

Сабақ соңында ата-аналар: 

  • жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктері туралы түсінігі болады, 
  • балалардың дербестігін дамыту бойынша өз іс-әрекеттерін рефлексиялау дағдыларын дамытады,
  • балалардың дербестігін дамыту амалдарын меңгереді.


Сабақтың ұзақтығы – 60 мин.


Уақыты

Мазмұны

Ресурстар


Тақырыбы "Тұлға адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі дамытудың нәтижесі ретінде" 

Сұрақтар:

1.Балаңыздың мектеп бітіргенде қандай болғанын қалайсыз?

2.Жоғары сынып оқушыларының дербестігін дамытуда олардың қандай жас ерекшеліктері маңызды рөл атқарады?

3.Бұрынғы кездегі балалардың дербестігін тәрбиелеу үшін қандай ұлттық дәстүрлер болған?

4.Ата-ана баланы дербестікке тәрбиелеу үшін қандай амалдарды қолдана алады?



5-7 мин.





























Құрметті ата-аналар! Біздің сабағымыздың тақырыбы – балаларымыздағы дербес тұлғаның қасиеттерін дамыту.

Жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ерекше мәнге ие, өйткені дәл осы жасқа өзін-өзі танудың, жеке рефлексияның дамуы, яғни олардың өзінің психикалық жағдайы туралы ойлау, өз сезімдерін талдау, өздерінің даралығын түсіну қабілеті тән.

Бұл жастағы физикалық ерекшеліктерге төзімділіктің, қозғалыс координациясының дамуы, бұлшықет күшінің өсуі жатады. 

Дене келбеті қалыптасады, жүректің көлемі 60-70% ұлғаяды, қозу үдерісі әлі тежелу ұдерісінен күштірек болса да, орталық жүйке жүйесінің дамуы аяқталады. 

Психологиялық ерекшеліктер: тұлғаның негізгі қасиеттері, мінезі қалыптасады, өзіндік санасы (Мен бейнесі) мен тұлғалық рефлексиясы дамиды. Өз мүмкіндіктері мен ресурстарын бағалау объективті бола түседі. Жоғары сынып оқушылары өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі реттеудің жоғары дәрежесін көрсетеді. Оның ішкі әлемі ашылады, даралығы мен өзіндік ерекшелігін сезінеді. Бұл өзін-өзі тану мен өзін-өзі белсенді іздеу кезеңі.

Жалпы дамудағы маңызды орын қалыптасқан жыңыстық сәйкестендіруге беріледі. 

Бұл жастағы балалар еркіндікке, тәуелсіздікке ұмтылады, бірақ сонымен қатар олар ата-аналар мен ересектердің психологиялық қолдауына да зәру.

Зияткерлік ерекшеліктер: жоғары сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде өзін-өзі айқындау және ересек өмірге дайындық түрткілері жетекші орынды алады.

Танымдық түрткілер кең әлеуметтік түрткілермен байланысты. Ерікті түрткі бірінші орынға шығады. Жоғары сынып оқушысы  іс-әрекет тәсілдерін таңдауда саналы түрде қойылған мақсатты басшылыққа алады.

Әлеуметтік ерекшеліктер: кәмелеттік жасқа толған, тұлғалық және кәсіби тұрғыда өзін-өзі айқындау үстінде тұрған жоғары сынып оқушылары оқуға саналы түрде қарайды, болашақ мамандығын таңдауда объективті факторларды ескереді.Отбасы құндылықтарын түсінеді және кейде асыра бағалап жібереді. Бұл кезеңдегі достық өте маңызды және көбінесе эмоционалды қолдау болып табылады.

1-тапсырма: презентация материалына және біздің әңгімемізге сүйене отырып, "өз балаңыздың портретін" құрыңыз, сіздің ойыңызша, оның жеке тұлғасына тән ерекшеліктер қанадай екен?




















А4 форматындағы парақтар, қаламдар, қарындаш-тар




10 мин.

"Менің балам – дербес тұлға" жаттығуы

Қатысушылар топтарға бөлінеді. Педагог «нысана» үлгісін көрсетеді, яғни бір-бірінде орналасқан шеңберлер. 

Жаттығу ата-ана баласы мектеп бітіргеннен кейін баласының бойында қандай қасиеттерді, қабілеттерді, дағдыларды көргісі келеді деген сұраққа жауап беруден басталады.

1.Қатысушылар мектепті бітіргеннен кейін баласында көргісі келетін дербес тұлғаның қасиеттерін, қабілеттерін, дағдыларын атайды.

2. Жоғарыда айтылғандардың ішінен топ ең маңызды бес қасиет пен дағдыларды таңдап, оларды шеңберлер (нысана) бейнеленген сызбаның ортасына енгізеді. Шеңберлердің ортаңғысы барлық аталған қасиеттері бар "дербес тұлғаны" білдіреді.

3.Әрбір қатысушы оның баласы, ата-анасының пікірінше, шеңбердің ортасына қатысты қай жерде тұрғанын кез-келген белгіні фломастермен белгілейді. 

4.Қатысушылар шеңбердің ортасына жақындауға көмектесетін, балаларда тәуелсіз тұлғаның қасиеттерін дамыту әрекеттерін ұсынады.

Ең қызықты ұсыныстар тақтаға/флипчартқа жазылады.


Ватман парақтары, түрлі-түсті фломастер-лер


Ата-бабаларымыз балалардағы дербестікті қалай тәрбиелеген

Мұғалім тәрбиенің ұтымды дәстүрінде балалардың дербестігін дамытудың өзіндік тәсілдері мен амалдары болғанын көрсететін тарихи фактілерді еске түсіруді ұсынады.


Әңгіме

Қазақтарда жаңа туған балаға баламен бір мезгілде туған үй жануарын (құлын немесе бота) беру дәстүрі (басіре) болған. Ол балаға тиесілі болған және онымен бірге өскен. Жануарды күтіп-бағу баланың қамқор, жауапты болуына, және тірі тіршілік иесінің өмірін бағалауға көмектесетін.

Қазақ отбасында балаларды 5 жасқа дейін бетінен қақпай өсіру кезеңі болған. Баланы «патшадай» еркелететін. Ал 6 жастан 15 жасқа дейін – «құл сияқты» – қатаң түрде еңбекке баулу – қозы бағуға, отын дайындауға, ауыздық, қамшы тоқуға, тері илеуге, сарай салуға, атқа мінуге үйреткен. 15 жастан кейін оған «тең адам» ретінде қараған.

13-15 жасында балаларды ересектер деп санап, қоғамдық жиналыстарға қатысуға рұқсат беріліп, олар шаруашылық және өндірістік жұмыстарға белсене араласты.   


Педагог атаа-бабаларымыз балаларды еңбекке баулу арқылы дербестік пен жауапкершілікке тәрбиелегеніне тоқтала отырып, талқылауға шақыру үшін сұрақтар қояды:

• Сіздердің балаларыңыздың үй шаруасында қандай міндеттері бар?

• Сіздің ойыңызша, олар балада болуы керек пе, әлде оның негізгі жұмысы – оқумен айналысуы жеткілікті ме?




2-тапсырма. Ата-ана назарын баланың дербестігіне қатысты өз түсінігі мен іс-әрекетіне аударуды көздейді.

1. Нұсқалардың бірін таңдай отырып, «Баланың дербестігі» сауалнамасының сұрақтарына жауап беріңіз. Соңында жауаптарыңызға сәйкес әріптерді жазыңыз.

2. Жауаптарыңыз бойынша кестені толтырыңыз.


Ата-аналарға арналған сауалнама

1.Сіз ұлыңызбен/қызыңызбен киім сатып алуға барасыз. Таңдау қалай жүреді?

А. Әрине, мен таңдаймын. Егер  таңдауды балаға тапсырсам, ол күлкілі көрінетін болады.

B. Біз баламен бірге таңдаймыз, әртүрлі нұсқаларды өлшеп көреміз және әрқайсысының орындылығын талқылаймыз.

C. Бала өзі таңдайды. Менің ойымша, бұл соншалықты маңызды емес.

2.Сізге балаңыздың достарының бірі ұнамайды. Сіздің әрекеттеріңіз:

A. Мен араласуға тыйым саламын.  Өскенде рахмет айтады. 

B. Баламен сөйлесемін, өз ойымды түсіндіремін, оны тыңдаймын. Мен тыйым салмаймын, бірақ қарым-қатынасты бақылауға тырысамын. Сонымен қатар, досын жақынырақ тану үшін оны қонаққа шақырамын.

C. Кім болса дос болсын, бала өз қателіктерінен сабақ алуы керек.

3.Үй тапсырмасын орындауға қатысты сізге тән сөздер.

A. Бүгін қандай тапсырма берді? (Баланың күнделігін қарап отырып).

B. Бүгін тапсырма     көп берді ме? Көмек қажет болса, шақыр.

C. Отыр, өзің жаса. Бұл сенің жұмысың.

4.Сіз ұлыңыздан/қызыңыздан мазмұны ұнамайтын кітап/журнал таптыңыз. Не істейсіз?

A. Мен оны алып қоямын, оған оны оқудың қажеті жоқ.

B. Мен балаға мұны неге оқудың қажеті жоқтығын түсіндіремін.

C. Тыйым салудың қажеті жоқ, өйткені тыйым салынғанына қарамастан керек болса тауып алады.

5.Егер сіздің балаңыз сыныптасымен қақтығысып қалса, қалай әрекет етесіз?

A. Мен бірден әрекет етемін және бұл мәселені шешемін. Мен сыныптасының ата-анасына қоңырау шалып, мектепке келіп, мұғаліммен сөйлесемін.

B. Мен баланы тыңдаймын, туындаған жағдайдан шығудың жолын табуға көмектесемін, бірақ егер бала мәселені өз бетімен шеше алмаса ғана араласамын.

C. Мен араласпаймын, бала қиындықтарды жеңуге және одан шығудың жолын табуға үйренуі керек.

6.Баланың қосымша білімін алуын таңдау қалай жүреді?

A. Мен балаға өмірде пайдалы деп санайтын үйірмелер менсекцияларды таңдаймын, өз бетінше шешім қабылдауға әлі ерте.

B. Баланың өзі ұнайтын үйірмелерді таңдады, бірақ мен оларға жүйелі қатысуын бақылаймын.

C. Шынымды айтсам, мен баланың қандай қосымша сабақтарға баратынын білмеймін.

7.Сіздің балаңыздың үйдегі міндеттері бар ма?

A. Менің ойымша, үй тапсырмасын орындау және жақсы оқу – баланың басты міндеті, қалғаны-ата-ананың қамқорлығында.

B. Иә, әрине, олар онша көп емес, оларды бала еңсере алады және оларды орындау міндетті.

C. Бала өз істері мен тәртібін өзі басқарады, ал егер оның бөлмесінде тәртіпсіздік немесе киімі мыжылған болса, бұл толықтай оның жауапкершілігі.

8.Таңертең баланың оянуы қалай болады?

A. Баланы уақытында көтеріп, оның кешігіп қалмауын қадағалау – бұл менің жауапкершілігім, ол оятқыш дабылын естімеуі мүмкін.

B. Мен баланың кештен бастап оятқышты қосуын қадағалаймын, бірақ оның мектепке ұйықтап қалмауын қадағалаймын.

C. Бала уақытты өзі басқаруы керек, егер ол бірнеше рет ұйықтап, мектепке кешігіп қалса, онда бұл оған сабақ болады.

9.Баланың өскенде кім болатыны туралы армандарына қалай қарайсыз?

A. Армандар армандармен, ал біз балаға беделді мамандықты таңдап қойдық, ол осы жаста өзі не шеше алады?

B. Мен балаға Мамандықтар әлемі мен олардың сұранысының толық бейнесін беруге тырысамын және өзі таңдауға мүмкіндік беремін.

C. Ол қазір армандайтын нәрсе аз ба, ол мектепті бітіреді, сонда шешсін.

10.Сіздің отбасыңыздағы тәрбие стилін қалай сипаттауға болады?

A. Біз қатаң ережелерді орнатамыз және баланы "жақсы" және "жаман"деген не екенін өзі анықтай алмайынша толығымен басқарамыз.

B. Біз ережелерді белгілейміз, бірақ олар не үшін қажет екенін және егер олар орындалмаса не болатынын түсіндіреміз. Егер біз баланың ережені меңгергенін көрсек, бақылауды біртіндеп әлсіретеміз.

C. Біз балаға қалағанын жасауға мүмкіндік береміз, өйткені ол тек тәжірибе арқылы дербес болуға үйренеді.


Бақылау 

 таңдау құқығы 

дәлелдеу 

тәрбие стилі







Бақылау: қатаң / ақылға қонымды / бақылаусыз

Таңдау құқығы: бар / жоқ / араласпау

Дәлелдеу: қажет / жоқ

Тәрбие стилі: авторитарлық / демократиялық / либералды


Шығарылған дайын сауалнамалар


3-тапсырма. Ересек балаларды дербестікке тәрбиелеу 


Қатысушылар топтарға бөлінеді, олардың әрқайсысына тапсырмасы бар дайынд кестелер беріледі. Кестенің оң жақ бағаны толтырылмаған. Кестелер жоғары сынып оқушысының мінез-құлқының 2 кезеңін көрсетеді. 

Ата-аналарға жоғары сынып оқушысының дербестік білдіруінің үлгілік көріністеріне жауап қайтарудың өз нұсқаларын беру ұсынылады..

Нәтижелері бар топ өкілдерінің сөйлеген сөздері ата-аналардың ықтимал әрекеттері мен реакцияларының кеңейтілген тізімін жасауға мүмкіндік береді.




А4 форматындағы парақтар, қаламдар, қарындаш-тар




Балалармен бірге жасаймыз (топтық жұмыс) 


Келесі тапсырмада ата-аналарға балалармен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру тәсілдерін қолданып көруге кеңес беріледі. Қабырға газеті түрінде балалар мен ересектердің эмоцияларын рефлексиялау дағдылары, сондай-ақ мақсат қою дағдылары дамиды. 

Әр топтағы қатысушылар өздерінің қабырға газетін жасайды, шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, эмоцияларды белгілеу үшін өз белгілерін ұсынады.


4апсырма.Отбасылық қабырға газеті-балалар мен ата-аналар үшін эмоцияларды білдіру, мақсат қоюдың ортақ кеңістігі.

  • Эмоциямызды білдіреміз. Сезімдеріңізді талдауға арналған тамаша жаттығу-көңіл-күй күнделігі. Көңіл-күйіңізді әртүрлі белгілермен белгілеңіз және оны жасауды балаңызға ұсыныңыз. Оны түрлі-түсті стикерлермен, смайликтермен, суреттермен (күн, жаңбыр және т.б.) белгілеуге болады, өз белгілеріңізді ойлап табуға болады. 
  • Мақсаттарды қабырға газетіне жазамыз 1 күнге, аптаға, айға. Біз мақсаттарды, олардың орындалуын бірге талқылаймыз, егер бірдеңе болмай жатса – талдаймыз.  


Топтарда орындалатын келесі "Тепе-теңдік дөңгелегі" тапсырмасы балалардың жоспарлау және талдау дағдыларын дамытуға көмектеседі. Педагог үлгіні көрсетеді.




 Тапсырма 5. "Тепе-теңдік дөңгелегі "(топтық жұмыс)

Қағазға шеңбер сызып, оны бірнеше секторға бөліңіз. Әр секторды он бөлімге бөліңіз. Бұл секторлар-өмір салалары. Оларды өзіңіз таңдай аласыз: мектепте оқу, адамдармен қарым-қатынас, өзін-өзі дамыту, хобби және басқалар. Балаңызға белгілі бір салаға қанша уақыт пен күш жұмсай алса, сонша бөлімді бояуды ұсыныңыз. Әрқайсысын 1-ден 10-ға дейін бағалауға болады. Нәтижелерді талдаңыз:

1.         Қай салада ең жоғары көрсеткіш бар? Ал ең төмен?

2.         Қай салаға қалағандай көп көңіл бөле алмадым?

3.         Мұндай көрсеткіштерге бала риза ма, әлде келесі оқу жылында бір нәрсені өзгерткісі келе ме?

Тепе-теңдік дөңгелегі жылды жоспарлау үшін де, нәтижелерді талдау үшін де қолданылады: қайсысы жақсы/нашар болды. Нәтижелердің неліктен дәл осындай болғанын түсіну маңызды.




Бұл шағын тапсырма ата-аналардың балаға "дұрыс" сұрақтар қою қабілетін дамытуға бағытталған.

Ата-аналарға сұрақтарды талдау және осы тізімді өз бетінше толықтыру ұсынылады.


Әңгіме

Әңгімелесу - адамды рефлексияға үйретудің тиімді әдісі. Сезімдер, эмоциялар және әрекеттер туралы сөйлесу өзін-өзі талдау дағдысын жақсы дамытады. Балаңызбен өткен күнді, жоспарлар мен мақсаттарды, тәжірибені талқылауды әдетке айналдырыңыз.

Көмекке келесі сұрақтарды аламыз:

 Сен үшін бүгінгі ең қызықты нәрсе не болды?

 Сен қандай қиындықтарды бастан өткердің?

 Сенің бүгінгі жұмысыңда ең оңай және ең қиын нәрсе не болды?

 Бүгін не үйрендің, қандай сабақ алдың?

Ал ертең не істегің келеді?

Осы сұрақтар тізімін өз сұрақтарыңызбен толықтырыңыз. 

Осы сұрақтарға өз жауаптарыңызды балаңызбен бөлісуден тартынбаңыз. Бұл тек еліктеу үлгісі ғана емес, ең алдымен сенімді қарым-қатынас жолы.





Сабақ соңында рефлексия жүргізіледі:

* Сізге жаттығулар ұнады ма? 

* Олардың әрқайсысының құндылығы неде? 

* Орындау кезінде қандай қиындықтар болды? 

• Сіз қайсысын жазып алдыңыз және оны үйде жүзеге асырасыз ба?



Бірінші сұрақ – балаларды ересек өмірге дайындауда оларға қалай кеңесші және жолсерік болуға болады.  М. Кенинг